Тақырыбы: Несиелік тәуекел және оны басқару



бет1/3
Дата22.09.2022
өлшемі71,24 Kb.
#150428
  1   2   3
Байланысты:
Абилбек М

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Қаржы және есеп»


Эссе
Тақырыбы: Несиелік тәуекел және оны басқару.Банктің меншікті капиталын қалыптастырудағы Базель стандарттары және банктердегі пруденциялық реттеу

Орындаған:Абилбек М .


Тексерген:Карабаева Ж.

Алматы, 2022

Несиелік тәуекел дегеніміз, төлемдер кешіктірілуі немесе мүлдем төленбеуі мүмкін, бұл өз кезегінде ақша ағымындағы проблемаларға әкелуі мүмкін және Банктің өтімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. Қаржылық қызметтер секторындағы инновацияларға қарамастан, кредиттік тәуекел әлі күнге дейін банк проблемаларының негізгі себебі болып қала береді. Банктердің баланстық есептерінің 80% - дан астамы әдетте тәуекелдерді басқарудың осы аспектісіне арналған.Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады

Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет