Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


« ОТАНДЫҚ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет13/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
«

ОТАНДЫҚ ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

» 

секциясы

Секция

«

ВОПРОСЫ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ИСТОРИИ, АРХЕОЛОГИИ И 

ЭТНОГРАФИИ

»

АҚМОЛА УЕЗІ - ІРІ ӨНЕРКӘСІП ОРТАЛЫҒЫ: 

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

Абуев К.К., Шарипова А.Б.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті, 

Көкшетау қ.

amina_sharipova@mail.ru

Ақмола 

уезі 


қазіргі 

Солтүстік 

Қазақстан, 

Ақмола, 


Қарағанды облысының солтүстігі  мен Ресей Федерациясының 

Омбы  облысының  оңтүстік  аудандарын  қамтыған  Ақмола 

облысындағы  ең  ірі  уезд  болды.  Ақмола  уезі  солтүстігінде  -

Көкшетау  және  Омбы  уездерімен,  батысында  –  Атбасар, 

шығысында  –  Семей  облысының  Павлодар  және  Қарқаралы 

уездерімен, ал оңтүстігінде – Сырдария облысымен шектесті.

Ақмола  облысының  құрамдас  бөлігі  болып  саналатын 

Ақмола 


уезіндегі 

өнеркәсіп 

негізінен 

қазақтардың 

мал 

шаруашылығымен 



тығыз 

байланыста 

болған 

мал 


шаруашылығы  өнімдерін  өңдеуге  негізделді.  1887  жылдан 

басталған  зауыттар  өндірісінің  жылдық  сомасы  1  145  457 

сомнан  1897  жылы       1 289 198 сомға жетіп, 1907 жылы 3 659 

579 сомға артты. Зауыттардың ішінде өндіріс сомасы бойынша 

алғашқы  орынды  мал  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  (тері, 

май  ерітетін,  май  шайқайтын) зауыттар алған болатын. Облыс 

аумағында  соңғы  онжылдықта  зауыт  ісінің  алға  басуына 

Ақмола облысының солтүстік уездерін басып өткен Сібір темір 

жолының тікелей әсері болды. 

Ақмола 


жәрмеңкелерінде 

сатып 


алынған 

шикізат 


Петропавл қаласы арқылы белгіленген орынға жеткізілетін. Қой 

терілері  мен  елтірі

–  Пермь,  Қазан  және  Нижегород 

губернияларына,  сонымен  қатар  шетелге  –  Франция,  Австрия, 

44



Америкаға  жөнелтілді.  Қой  жүндері  –  Польшаға  лодзиндік 

фабрикалар  мен Түмендік шұға фабрикаларына жіберілді. Тоң 

май  –  Қазан  қаласындағы  стеариндік зауытқа  жөнелтілсе,  ал 

атақты  «мәрмәр»  ет  Ақмола  далаларынан  Орал,  Санкт-

Петербург  және  Мәскеу  қалаларына  жіберілді.  1911  жылы 

Ақмолада    4110  мың  сомдық  жалпы  сауда  айналымы  бар  162 

сауда кәсіпорны болса, 1914 жылы жылдық айналым 284 сауда 

кәсіпорындарында 4549 мың сомды құрады [1: 33].

Ақмола көпестерінің арасында ғасыр басында Кубриндер 

отбасы  ерекше  көзге  түсті.  «Матвей    Кубрин    ұлдарымен»  пай 

бойынша серіктестіктің сауда үйі алтын мен күмістен жасалған 

бұйымдармен, 

дәріханалық, 

галантереялық, 

кеңселік, 

мануфактуралық,  теріден  жасалған  тауарлармен,  темірден 

жасалған бұйымдармен, сағат, аяқ-киім, дайын көйлектер, шай, 

қант,  т.б.  тауарлармен  сауда  жүргізді.  Сауда  үйінің  Ақмола, 

Көкшетау  және  Атбасар  қалаларында  дүкендері  мен  сауда 

орындары  болған.  1915  жылдан  кейін  ақмолалық  І-ші 

гильдияның  көпесі  М.К.  Кубрин  Мәскеуге  тұрақтанып,    өзінің 

фирмасының  өкілдігін  ашқан,  ал  Ақмоладағы  істерін  сенімді 

адамы  -  өзінің  ұлы  В.М.  Кубринге  тапсырған  болатын.  

«Андриан  Кубрин  ұлдарымен» деп аталған  сауда үйінің сыра-

бал  қайнататын  зауыттары,  Ақмола  мен  Атбасар уездерінің ірі 

қоныстарында  сыра  сататын  сауда  орындары  болған.  Көпес 

С.А.  Кубрин  бакалеялық  және  мануфактуралық  тауарлармен, 

металл  бұйымдарымен,  шай  және  қантпен  сауда  жүргізген. 

Мал  басын  сатумен  көпестер  Грибанов  Г.В.,  Казанцев  Г.И., 

Козулин  А.М.,  Козулин  С.М.,  Кучковский  В.А.,  Семенов  С.Ф. 

айналысты.  Шикізатты  сатумен  Абрасумов  Ш.,  Бурнашев  Ш., 

Бигишев Х., Дивеев А., Забиров Н., Ишимбаев А., Канцеров А., 

Сабырбаев  М.,  Мимаков  М.,  Танеев  Х.Х.,  Ушаков  М.,  Урманов 

Х., Хусаинов Х. сияқты көпестер айналысқан. 

Ақмола 

қаласында 

көпестік 

жүктерді


тасымалдау 

бойынша  көліктік  кеңселердің  бөлімшелері:  «Гергард  пен  Гей» 

Акционерлік    Қоғамы,  «Ағайынды  Ф.  және  Г.  Коменскийлер»  

серіктестігі,  Ресейлік  көлік  және  сақтандыру  қоғамдары  жұмыс 

атқарды. 

Ауылшаруашылық 

машиналары 

мен 


еңбек 

құралдарын  сатумен  Қоныстандыру  басқармасының  қоймасы 

мен «Столь В.Г. және К» серіктестігі айналысқан. 

Қарастырылып  отырған  кезеңде  Ақмола  уезі  халқының 

негізгі  кәсібі  –  мал  шаруашылығы  мен  егіншілікке  қосымша 

маңызды кәсіп салалары – бау-бақша, аң аулау, құс өсіру және 

балық  аулау  болып  табылды.  Алайда  аталған  кәсіп  түрлерінің 

көлемі  туралы  нақты  мәліметтер  жоқ,  ал  барлық  келтірілген 

45



деректер ресми есептерде жуық шамамен алынған. 

Аң аулаумен негізінен жергілікті тұрғын халық айналысты. 

Олар  түлкі,  қасқыр,  күзен,  борсық,  саршұнақ,  қоян,  үйрек, 

қаздарды  аулаған.  Жүні  қалың  аңдарды  қақпандармен, 

сонымен  қатар  епті  құстар  және  үйретілген  иттермен  ұстаған. 

Құстарды  аулағанда  аулар,  торлар  және  үйретілген  иттер 

қолданылды.  Бұл  кәсіптің  көлемі  туралы  Константиновск 

жәрмеңкесінде  сатылған  аң  терілері  мен  құстардың  сауда 

айналымынан  анықтауға  болады.  1907  жылы  сатылған 

тауарлар:  қасқыр  терілері  – 3450,  түлкі  терісі  – 2300,  қарсақ 

терілері  – 1234,  суыр  терілері  – 65000,  қоян  терісі  – 15000, 

күзен терісі – 2140, борсық терісі- 3000.

Халық  санының  күрт  өсуі  және  оның  аң  аулау  кәсібіне 

тартылуы,  аң  аулауда  жыртқыштық  әдістің  қолданылуы 

далалық    аймақтарда  жабайы  аңдар  мен  құстардың  санының 

күрт  қысқаруына,  кейбір  түрлердің  мүлдем  жойылуына  әкеліп 

соқтырды. 

Қоныстанушы 

шаруалар 

мен 


қала 

тұрғындары 

шаруашылығының  ажырамас  бөлігі  –  бау-бақша  болды.  Олар 

жергілікті  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуде  маңызды 

роль атқарған  картоп, орамжапырақ, сәбіз, шалқан, қияр және 

басқа да көкеністер өсірді. Бау-бақшамен кәсіп түрінде негізінен 

өздерінің  өнімдерін  қалалық  базарларға  шығаратын  қалаға 

жақын қоныстардың тұрғындары айналысты. 

Балық 

аулау 


кәсібімен 

негізінен 

жергілікті 

халық 


айналысты. 

Балық 


Есіл, 

Нұра 


және 

уездің 


көптеген 

өзендерінде  ауланды.  Бұл  кәсіптің  көлемі  туралы  да  нақтылы 

деректер  жоқ,  алайда  1911  жылы Ақмолада 12 балық сататын 

орынның 


болуы 

бұл 


кәсіптің 

белгілі 


бір 

деңгейде 

дамығандығын көрсетеді. 

Ақмола 


уезіндегі 

орман 


кәсібі 

Моншақты 

орман 

саяжайында  дамыды.  Одан  түсетін  кірістер  шамалы  болды, 



орман  толықтай  тек  шаруа  мен  қала  шаруашылығының  

қажеттіліктерін  өтеп  отырды.  Ақмола  қаласының  өзінде  орман 

тәлімбағы  болды.  Ағаш  көшеттері жеке  тұлғаларға    аз  ғана 

бағаға сатылды. 

Кіре  тарту Ақмола  уезінің  село  тұрғындары  мен  қала 

тұрғындары  арасында  ерекше  кәсіп  түрі  ретінде  ертеден 

белгілі  болатын.  Егер  де  ХІХғасырдың  ң  90-шы  жылдарының 

ортасында  ақмолалық  көліктік  конторалар  жылына  320  мың 

пұтқа  дейін  жүк тасыса,  А.И.Троицкийдің  көзқарасы  бойынша 

саудагерлер  жалдаған  ерікті  кірешілер тауарларды  анағұрлым 

көбірек тасымалдаған [2: 18].

46



Салалық-қолөнершілік кәсіптің көлемі туралы 1911 жылға 

арналған  қаладағы  қолөнершілердің  саны  туралы  деректер 

бойынша анықтауға болады [3].

Қызмет түрлері

Шеберле

р

Жұмысшыла



р

Оқушылар


1

2

3



4

47



І. Азық – түлік өнімдерін  даярлау:

Тоқашшылар,наубайханашылар, 

кондитерлер

Шұжықшылар

Аспазшылар, ас үй қызметкерлері

ІІ. Киім-кешек дайындау:

Тігіншілер

Сәнгерлер 

Етікшілер иен кебісшілер

Пима жасаушылар 

ІІІ.  Баспанаға  қажетті  бұйымдарды 

әзірлеу:


Ағаш ұсталары

Тас қалаушылар

Пеш салушылар

Ағаш шеберлері

Сылақшылар

Шатыршылар

Тұрба тазалаушылар

Әйнекшілер

ІV.  Үй  шаруашылығына  қажетті 

бұйымдарды дайындау:

Ұсталар,  темір ұсталары

Мысшылар, қалайышылар

Арба тасушылар

Қайысшылар

Бөшкешілер

V. Басқа қолөнерлік шеберлер:

Қоқыс тазалаушылар

Су тасушылар

Кірешілер: жеңіл

                   жүктік

Оташылар

Шаштараздар мен әрлеушілер 

Кір жуушылар

Часовщиктер

Алтын  және  күміс  бұйымдардың 

шеберлері

Өрнекшілер мен фотографтар

Терушілер

Түптеушілер

11

1



1

25

15



7

2

74



29

10

5



14

8

2



4

19

5



4

7

6



2

24

2



60

1

3



13

4

1



2

3

1



16

-

1



13

-

9



-

12

-



-

7

18



9

-

-



40

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

7



-

2

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

-

-



-

Барлығы:


366

125


9

48



Қала  халқы  санының  өсуі  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ 

ғасыр басында Орталық Ресейдің губерниялары халықтарының 

миграциясы  есібінен  өсіп,  шебер  адамдар,  қолөнершілердің  

келуі  мен  жергілікті  шикізаттың  молдығы  салалық  өнеркәсіптің 

дамуына  түрткі  болды.  Ол  негізінен  мал  шаруашылығы 

өнімдерін  (май  қайнататын,  терілік,  тері  жуатын,  ішек-қарын 

тазалайтын  зауыттар)  бастапқы  өңдеу  мен  астық  өнімдерін 

(жел, 


су 

және 


бу 

диірмендері) 

даярлау; 

құрылыс 


материалдарын 

(кірпіш 


зауыттары) 

даярлау 


мен 

ауылшаруалығы 

бұйымдарын 

жөндеуге 

(шеберханалар) 

негізделді. 

Қалада 

сонымен 


қатар 

азық-түлік 

кәсіпорындарының  кішігірім  өндірістері:  сыра-бал  қайнататын 

зауыттар,  жеміс  суларын  даярлайтын,  май  шайқайтын 

зауыттар, 

сонымен 


қатар 

күнделікті 

тұрмысқа 

қажетті 


тауарларды  өндірумен  айналысатын  кәсіпорындар:  тоң  май, 

сабын қайнататын, қыш жасайтын зауыттар болды. 

Жергілікті 

шикізаттың 

молдығы 

мен 


арзандығына 

қарамастан  оны  өңдеу кішігірім көлемде жүргізіліп, ал алынған 

өнімдер  жоғары  сапамен  ерекшеленбеді.  Бұның  барлығы 

жоғары 


білікті 

мамандардың 

жоқтығымен, 

капиталдың 

жетіспеушілігі  мен  зауыт  иелерінің  іскерлігінің  төмендігімен

байланысты 

болды.

Қарапайым 



құралдар 

мен 


өндіріс 

технологиясы бар кішігірім кәсіпорындар зауыт деп атаудан гөрі 

қолөнерлік 

шеберханалар 

деген 

атауға 


лайық 

болды. 


Олардағы жұмыс бірнеше ғана жұмысшы күшімен атқарылды. 

Тоң  майды



   

кәсіпорындардың  үш  түрі:  тоң  май  ерітетін,

сабын  қайнататын  және  майшам  өндіретін

кәсіпорындар 

өңдеумен  айналысты.  Өңдеуші  кәсіпорындардың  аты  аталған 

салаларының ішіндегі ең көнесі тоң май ерітетін өндіріс болды. 

Алғашқы сабын қайнататын зауыт Ақмолада 1882 жылы пайда 

болды. Зауыттың 3 жұмысшысы сол жылы 2800 сомның өнімін 

өндірді [4: 78]. 1914 жылы 3 зауыт 5000 сомның өнімін өндірген 

болатын


   

[5]. ХІХ  ғасырдың 90-шы  жылдарының  ортасында 

пайда  болған  майшам  өндірісі  кейіннен  құри  бастады.  1907 

жылы  Ақмолада  қуаты  шамалы  бір  ғана  майшам  өндіретін 

зауыт жұмыс атқарды. 

90-шы  жылдары  қой  терісін  өңдейтін  алғашқы  зауыттар 

пайда болды. олардың өндірісі жылына 1000 сомнан аспады. 1 

зауытқа 


орта 

есеппен 


1-2 

жұмысшыдан 

келді. 

Бұл 


кәсіпорындар  негізінен  қолөнершілік  сипатта  болды,  олардың 

бұйымдарын тек жергілікті халықтар сатып алған, өзінің сапасы 

бойынша ресейлік тауарлардан біршама артта қалып қойды. 

Аталған  кезеңде  Ақмола  қаласында  алғашқы  тері 

49



өңдейтін  зауыттар  пайда  болды.  Жергілікті  тері  өңдеудің 

жетілмегендігінен  өңделген  терілер  ерекшеленбеді,  сонымен 

қатар 

Екатеринбург 



пен 

Қазан 


қалаларынан 

келген 


тауарлармен  өзара  бәсекеге  шыдай  алмады.  Сол  себепті 

көпестер  Ресей  нарығына  өңделмеген  шикі  терілерді  жеткізу 

арқылы мол табысқа кенелуді жөн көрді. 

ХХ  ғасыр  басында  қалада  жылына  өндіргіштігі  3500 

сомды  құрайтын  2  ішек-қарын  тазалайтын  зауыт  болды. 

Аталған  зауыттардың  өнім  көлемі  өсіп  отырды:  1914  жылы  9 

жұмысшысы  бар  2  зауыт  7  мың  сомның  тауарын  өндіре 

бастады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет