Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет88/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ 

ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Шайхыгалиев Е.А.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 

Көкшетау қ.

3rb0l@mail.ru

Ежелден  біздің  ата-бабаларымыз  еркіндік  пен  әділдікке 

ұмтылумен, 

шексіз 

батырлығымен, 

кешірімділік 

және 


аяушылық  таныту  қасиеттіермен  ерекшеленді.  Ұлы  қазақ 

ақыны  Абайдың  «Адам  бол!»  деген    өсиеті    кешіре  білуді  де 

қамтиды.  «Кешірімділік»  уақытқа  әрқашан  серік  болып  келеді. 

Ал  «уақыт»  ұғымы  әлемнің  барлық  кеңістігінде  рухани 

күйзелістер мен жазылмас жаралардан ең жақсы ем саналады. 

Шындығында  да,  уақыт  адамзат  баласы  басынан 

өткерген  қиындықтар  мен  жараларды  емдейді  және  кешіреді. 

Бірақ  адамның сана-сезімі кешірмейтін және ұмыта алмайтын 

құбылыстар  да  бар.  Гитлерлік  халықтар  геноциді  және 

сталиндік  террор  әлемнің  тарихында  ең  қайғылы  оқиғалардың 

бірі болып саналады.  Алғашқысы Екінші дүниежүзілік соғыстан 

268



кейін Халықтар Сотында әшкереленді. Ал сталиндік қылмыстар 

әлі  күнге  дейін  өзінің  объективті  бағасын    алмады,  бұл 

тақырыпқа  көптеген  ғалымдардың  еңбектері  арналғанына 

қарамастан, әлемде талас-тартыстар тоқтаған емес. 

Сталиндік  террордың  құрамдас  бөлігі  –  халықтар 

депортациясы  мәселесі  де  өзінің  өзектілігін  жоғалтқан  емес. 

Сондықтан  біз  ең  алдымен  Қазақстан  тарихының  қайғылы 

беттерінің  бірі  саналатын  КСРО-дағы  халықтарды  жаппай 

күштеп  қоныс  аударуға  негіз  болған  себептерді  анықтап 

алуымыз керек. 

Ұлы Отан соғысының қарсаңында КСРО-да күрделі саяси 

жағдай  қалыптасты.  Мемлекет  ішінде  қоғамның  билікке  деген 

көзқарасы  екіге  бөлініп  кетті:  қоғамның  бір  бөлігі  Кеңес  билігін 

қолдаса,  екінші  бөлігі  оған  қарама-қарсы  бағыт  ұстанды. 

Осындай  жағдайда  билік  басындағылар  өзінің  ұстанымдарын 

шайқалтпас үшін қолдан келерінің барлығын жасауға тырысты. 

Сталиндік  режимге  қарсы  ашық  және  жасырын  түрде  шыққан 

жекелеген  халықтар  мен  топтарды  жазалау  іс-шаралары 

күшейтілді.  Жазалаудың  ең  жиі  қолданылған  түрі  депортация 

болды.  Жекелеген  ұлттарды  немесе  этникалық  топтарды 

қоныс  аудартудың    заңдық  негізі  болды.  Олар:  Мемлекеттік 

қауіпсіздік  комитеті  мен  КСРО  Жоғары  Президиумы  Кеңесінің 

қаулылары,  КОКП  Орталық  Комитетінің  шешімдері,  Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  және  т.б.  мемлекеттік  құрылымдардың 

жарғылары. 

Сталиндік  басшылықтық  қылмыстары  1956  жылға  дейін 

жасырылып  келген  болатын.  Кеңес  үкіметінің  депортациялау 

әрекеттері  де  осындай  санаттарға  жатты.  Мемлекет  елде 

жүргізіліп 

жатқан  халықтар  депортациясын    әр  түрлі 

себептермен 

түсіндірді: 

халықтарға 

деген  «сенімсіздік», 

конфессионалдық  және  әлеуметтік-таптық    факторлар,  жаңа 

өзгертулерге  қарсылық  таныту,  бандылық  ұйымдарға  қатысу, 

тыңшылық,  Қызыл  Армиядан  жаппай  қашу,  коллаборационизм 

және т.б.

Ең  алғаш  рет  депортациялаудың  себептері  1956  жылы  

КОКП-ның  XX  съезіндегі  Н.С.Хрущевтің  баяндамасында 

талқыланды. 

Онда 


1943 

жылы 


қарашайларды 

депортациялаудың  ешбір  әскери  негізінің  болмағандығы 

айтылды.  Себебі  барлық  майдандарда    түпкілікті  бетбұрыс 

орын  алған  еді.  Кейін  бұл  тағдырға  қалмақтар,  ингуштар, 

шешендер мен қалмақтар да тап болды. [1: 146].  

Ал 


халықтар 

депортациясы 

мәселесін 

зерттеген 

жекелеген  ғалымдар  оның  себептерін  әр  түрлі  түсіндіреді. 

269



Қазақстандық    тарихшы  Г.В.Кан  өзінің  «Корейцы  Казахстана» 

атты  еңбегінде  корей  халқын  күштеп  қоныс  аудару  жекелеген 

адамдардың  сатқындығы  үшін  жазалау  деп  түсіндіреді.  Кеңес 

билігі  200  мың  корейлікті  жаппай  көшірудің  идеологиялық 

негізін  алдын  ала  дайындап,  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға 

күш  салды.  Корейліктер  ісі  бойынша  негізгі  үгіт-насихатты 

КСРО 

мемлекеттік 



сыйлығының 

лауреаты, 

жазушы 

П.А.Павленконың 

«На 

Востоке» 



романы 

атқарды. 

(П.А.Павленко. На Востоке. Новосибирск,  1937.). Павленконың 

еңбегінде болашақ екінші дүниежүзілік соғыс суреттелді. Соғыс 

Жапонияның 

Владивостокты 

шабуылдауымен 

басталады 

делінген.  Романда  қоныс  аударушы  корейліктердің  Жапония 

пайдасына  тыңшылық  ету  мәселесі  көтерілді.  Кітап  өте  үлкен 

данамен  баспадан  шығарылды,  тек  1937  жылдың  өзінде  ғана 

400 мың дана шығарылған. [2: 13-14 б.].

Поляктарды  қоныс  аудартудың  себептерін  қазақстандық 

ғалымдар  КСРО-ның  сыртқы  саясатымен  және  әлемдік 

тарихтағы  жаһандық  оқиғалармен  байланыстырады.  Яғни, 

кеңес  мемлекетіндегі  30-шы  жылдардағы  репрессиялар  мен 

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  басталуы.  Бұл  мәселенің  екі 

негізгі  аспектісін  қарастыруға  болады  –  КСРО  аумағында 

тұрып,  оның    азаматтығын  қабылдаған  поляктарды  күштеп 

қоныс аударту және 1939 жылы қыркүйекте Поляк мемлекетінің 

бір  бөлігін  Кеңес Одағы аннексиялағаннан кейін ондағы поляк 

азаматтарын 

депортациялау. 

Аталған 


топтарды 

депортациялаудың 

себептері, 

тұрмыс 


жағдайы 

мен 


тағдырлары әр түрлі болып келеді. 1937-1938 жылдары КСРО-

да  жаппай  репрессия  басталып,  шамамен  118-123  мың  поляк 

тұтқындалып, 

депортацияланды. 

КСРО 

поляктарының 



көпшілігінде 

Польшада 

туыстық 

қатынастар 

сақталып 

қалғандықтан,  оларға    Польша  тыңшылық  ұйымдарымен 

байланыс  жасады  деген  айып  тағылды.  Яғни  этникалық    белгі 

репрессиялау  мен  депортациялаудың  негізгі  себебі  болып 

табылды. Ал 1939 жылы поляктарды депортациялаудың негізгі 

себебі екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен түсіндіріледі. 

Себебі    жаудың  майдан  шебіндегі  халықты  өз  жағына  тартып, 

соғысқа  тарту  қаупі  өте  жоғары  болды  және  Польшаның 

маңызды  стратегиялық  аймақта  орналасуына  байланысты  еді.       

[3: 4-5 б.].

А.Некричтің 

пікірі 


бойынша 

 

Ұлы 



Отан 

соғысы 


жылдарында 

кеңес  мемлекеті  халықтар  депортациясын 

жазалау 

шарасы 


(шешендер, 

ингуштар, 

балқарлар, 

қарашайлар,  Қырым  татарлары)  және  «сенімді»  шекаралық 

270



халық  құруға  бағытталған    әскери-стратегиялық  шара  ретінде 

қарастырды  [4.].  Шындығында  да  халықтар  депортациясының 

қылмыстық  істерін  ешқандай  әскери  немесе  басқа  да  

ниеттермен  ақтауға  болмайды.  Депортацияланған  халықтарға 

тағылған негізгі айып «жаумен жаппай ынтымақтастықта болу» 

болды.  Бірақ  бұндай  тұжырым  шындыққа  жанаспайды.  Себебі 

бұл  халықтардың  ер-азаматтарының  басым  бөлігі  Қызыл 

Армия  қатарына  шақырылды  және  Ұлы  Отан  соғысы 

майдандарында 

өздерінің 

ерліктерін 

көрсетті. 

НКВД 

материалдары 



бойынша 

Шешен-Ингуш 

республикасында 

жүзеге  асырылған  үш  мобилизация  барысында  17413  адам 

майданға  аттанды.  Ұлы  Отан  соғысының  майдандарында  20  

мыңнан  аса  қалмақ  ұлтының  офицерлері  мен  жауынгерлері 

соғысты. Жалпы 91919 қалмақ депортацияға ұшырады. 

Тарихшы  Н.А.Абуовтың  еңбегінде  жаппай  депортациялау 

себептерінің  бірі  ретінде  жаңа  территорияларды  репрессияға 

ұшыраған адамдардың еңбегі арқылы игеру де қарастырылған. 

1930-1932 

жылдардағы 

аштық 

кезінде 


демографиялық 

шығынға  ұшыраған  Қазақстан  адам    ресурстарын  қажет  етті, 

сонымен  қатар  Қазақстан  КСРО-ның  шығыс  және  батыс 

шекараларынан алшақ орналасуы да жер аударылғандар үшін 

таңдауға лайықты деп танылды. [5: 14 б.].

Т.Кульбаев пен А.Хегайдың «Депортация» атты еңбегінде 

сталиндік  «концепция»  бойынша  жекелеген топтар мен ұлттық 

ұйымдардың  әрекеттері  үшін  халықтың  жауапкершілігі  Ұлы 

Отан соғысы жылдарында жаппай күштеп қоныс аударуға алып 

келгені 


айтылады. 

Сталиннің 

бұйрығымен 

кейбір 


сатқындардың  қылмыстары  үшін  Поволжье  немістері,  қырым 

татарлары, 

шешендер 

мен 


ингуштар, 

балқарлар 

мен 

қарашайлар  жауапқа  тартылып,  ұлттық  мемлекеттілігінен 



айырылды және депортациялауға ұшырады. [6: 7 б.]

Кеңес  Одағындағы  халықтарды  күштеп  қоныс  аударудың 

себептерінің бірі ретінде «бесінші колоннамен» күрес амалы да 

қарастырылады.  

Бесінші колонна - әр түрлі елдердегі нацистік агентураның 

атауы, тыңшылық және диверсиялық әрекеттермен айналысты, 

мемлекет  ішінде  төңкерістер  ұйымдастырды  және  неміс 

әскерлеріне  мемлекетті  басып  алуға  көмек  көрсетті.  «Бесінші 

колонна»  термині  1936-1939  жылдардағы  Испанияда  болған 

азамат соғысы жылдарында енгізілді.

Голландиялық  зерттеуші  Л.Ионг  халықтарды  күштеп 

қоныс 


аударудың 

себептерін 

«бесінші 

колоннамен» 

байланыстырады.  Оның  «Немецкая  пятая  колонна  во  второй 

271



мировой  войне»  атты  еңбегі    соғысушы  жақтардың  майдан 

шебіндегі  халықтарды  тыңшылық  және  диверсиялық  әрекетке 

тартуды  көздегені  растайды.  [7:  447  б.]  Сондықтан  КСРО-ның  

халықты 


алдын 

ала 


депортациялап, 

шекараларын 

қауіпсіздендіруге ұмтылуы неміс агентурасына қарсы қолданған 

шара ретінде қарастыруға болады. 

Бірақ  халықтар  депортациясы  қандай  да  себептермен 

түсіндірілгеніне қарамастан, Сталин мен Берияның халықтарға 

жасаған  қылмыстарын    ақтауға  болмайды.  Сталиндік  террор 

жылдарында  Кеңес  елінде  адам  құқығы  туралы  заңдар 

бұзылды,  адам  бостандығы  аяққа  тапталды,  адамдардың  тегі 

моральдық  жағынан  қорланып,  сан  мыңдаған  түріктердің, 

славяндардың,  корейлердің,  немістердің  және  басқа  да 

халықтардың  құқығы  мен  ұлттық  қадір  қасиеті  бұрмаланды. 

Күшпен  көшірілгендер  тұрмыс-жағдайының  ауырлығынан,  ауру 

мен  аштықтан  өліп  жатты.  Өзге  хадықтар  өкілдерін  бұлайша 

қорлау  ондаған  жылдар  бойы    Кеңес  мемлекетінде  әр  түрлі 

қылмыскерлерді    қатаң  жазалай  отырып,  баршаның    мүддесі 

қорғалады,  олардың    тыныштығы  сақталады    деген  желеумен  

жүргізілді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет