Адам эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі көңілдің алатын орны зор. Көңіл адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай



Дата27.10.2022
өлшемі16,58 Kb.
#155239
Байланысты:
Эссе , Эмоция


Эмоция
Адам эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі — көңілдің алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат береді, ондай кісі оптимист болады («Сырдың суы сирағынан келмеу»), ал уайым-қайғы кісіні кейде жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Көңіл ылғи да сыртқы, (шкі әсерлерден туындайды. Мәселен, адамның қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның көңілі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы да (ауру-сырқау), жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер де көңілге біраз әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да, мәнді нәрсенің бәрі көңілге ерекше із қалдырады. Егер адамның көптен әйналысып жүрген ісі оңға басса, не орындалса (жоғары оқу орнын бітіру, жақсы кызметке орналасу) ондай кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, кейде жанын қоярға жер таба алмай қиналып, мазасызданады. Осы жөнінде халқымыз: «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деп тауып айтқан. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін кетеріңкі, сергек ұстайды. Көңілді меңгере білу — кімге де болса аса қажетті сипат. Бұл, әсіресе, мұғалімге ауадай қажет. Шәкірт атаулының ұстазының қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Мұғалім көңілсіз, кірбің жүрсе, мұның оқушыларға қолайсыз әсер ететіні хақ. Бұп жөнінде де халқымыз ежелден-ақ: «Қабағы жаманның сабағы жаман» деп дұрыс айтқан.
Тек адамға ғана тән жоғары сезімдерге имандылық, рухани адамгершілік, эстетикалық, интеллект сезімдері кіреді. Қоғамның накты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі — адамгершілік сезімдері. Бұл өте кең мәнді сезім, мұның мазмұнымен қатар құрылымы дә күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл — күйге байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Мәселен, осындай сезімдердің тобына ұлтжандылық, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, ар-намыс, парыз, борыш жауапкершілік, ұят, т.б. жатады. Кісінің өмір сүріп жатқан қоғамы, оның ұжымдағы орны, нақтылы іс-әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына елеулі әсер етеді. Егер адам қоғамдағы белгілі ережелерді бұзса, бұған қатты қиналады да, оларды орындап журсе — оған масаттанатын болады. Мәселен, «Өлімнен ұят күшті», — дейтін тіркес осы айтқанымыздың айғағы. Білімі, тәжірибе-тәсіліне қарай адамның ұялу дәрежесі де әртүрлі болады. Надан, сөзі мөн ісі парықсыз кісі өзінің әдепсіз қылығынан айылын жимаса, білікті, мәдениетті, кепті көрген кісі мұндай қылықтан қатты ұялады. Жоғарғы сезімдердің екінші бір түрі — эстетикалық сезімдер. Бұлар шындықтағы нағыз сұлулыкты сезіне білуде байқалады. Бұл текті сөзімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, өнердегі және өмірдегі шынайы әсем нәрселерден (сурет полотнолары, кескін, сәулет өнері, музыкалық немесе сахналық шығармалар) — олардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туындап отырады. Мәселен, «жақсы ән мөн тәтті күй», яғни жақсы музыкалық әуен адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына ерекше ықпал ететіндігін ақын Мағжан Жұмабаев былайша сипаттайды: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сулу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздыктан тыйылуына көмөк көрсетеді»,- десе, Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап кем-кетігін керсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас кеңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап тіпті арқалары қызып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жас моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып тарқайды», — деген еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет