Адам Смит, ағылш.Adam Smith (5.6. 1723, Керколди, Шотландия — 17.7.1790, Эдинбург) — британ экономисі, философ; шоқындырылған және 5 маусымда(16 маусым) 1723 туған, Керколди — 17 шілде 1790, Эдинбург) – шотландық экономист, философ- этик, қазiргi экономикалық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Шотландиялық кеден қызметкері отбасында дүниеге келген. Глазго мен Оксфорд университеттерінде білім алған. Глазго ун-тінде адамгершілік философиясының (шындығында қоғамдық ғылым) проф., өмірінің соңғы жылдары Эдинбургте ірі кеден қызметкері болды. “Адамгершілік сезімдер теориясы” (1759) және “Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” (1776) атты күрделі кітаптар жазған.