Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі



Дата08.07.2018
өлшемі20,34 Kb.
#48750
түріСабақ
Ағылшын тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар. Спанова М.С. Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Sports in Britain. Британ спорттары. Сабақтың мақсаты: Британ елінің спорт түрлерімен таныстыру. Сабақтың міндеттері:

1. Оқушылар британ елінің спорт түрлерімен танысады.

2.Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды.

3.Сабақ барысында топ мүшелерінің пікірімен санасады, өз-ара силасуды үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бірлесіп постерге сурет салу. Сабаққа қажетті құралдар: қағаз, маркер, стикерлер. Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, дене шынықтыру. Күтілетін нәтиже: Британ елінің басқа елде жоқ спорт түрлерімен танысады, бірлескен топтық жұмыста екі елдің спорт түрлерін салыстыра тақырыпты меңгереді.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту (Сергіту сәті)

ІІ. Үйренуге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Сабаққа байланысты қызығушылықты ояту.

IV. Сабақты бекіту. Трек сызба.

V. Бағалау.

VI. Үйренуге берілетін тапсырма.

VII. Кері байланыс.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты топқа бөлу.

3-мин
1-мин

Сергіту сәті.(физминутка)Түстер арқылы (қызыл, жасыл қағаз қиындыларын тарату)

Оқушылар іс-әрекетті барлығы бірдей істейді. Ұнаған түстерін алып 2 топқа 4-5 оқушыдан бөлінеді.

ІІ.Үйренуге берілгенге шолу.

5-мин

Үйге берілген тапсырманы ішіне-сыртына әдісі арқылы еліміздің ұлттық ойындары мен спорт түрлерін ашып, жазып айтып шығады.

Оқушылар топқа бөлініп жауап береді.

ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.





Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып, жаңа тақырыпты анықтаймын. 1.Қазақстанда қандай спорт түрлерін білесің?

2.Британ елінің қандай спорт түрлерін білесің? 3.Британ елінің спорт түрлерін білгің келема? 4.Бүгінгі тақырыбымыз қандай?

Топпен бірлесе отырып жауап береді. Туындаған сұрақтарға топ болып жауабын анықтайды.

Глоссарий (Сөздікпен жұмыс)




Басқа елде жоқ британ елінің спорт түрлерімен таныстыру.

Оқушылар жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріне жазады.

Мәтінмен жұмыс.




Sports in Britain”мәтінін оқып, қазақша түсініктемесін айтып беремін. Мәтінді 2ге бөліп аудармасымен алдарына беріп, оқып шығуға тапсырма беремін.

Оқушылар мәтінді оқып, аудармасын сәйкестендіреді.

Елеске жетелеу.




Суретпен жұмыс. Мына суреттен қай спорт түрін байқап тұрсыңдар? Біздің елде осыған ұқсас спорт түрлері барма?

Оқушылар суретке қарап жауап береді.

Cемантикалық карта. True or false.




11-жаттығу жазбаша жұмыс беру.

12-жаттығуды ауызша, true or false әдісі бойынша.

Оқушылар жаттығуды дәптерлеріне жазады.



Қызығушылық ояту.







Сергіту сәті. Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету.


Оқушылар өз орындарында отырып бейнежазбаны көреді.

Сабақты бекіту.

Трек сызба әдісі.




14-жаттығу жазба, дәптермен жұмыс.

15-жаттығу трек сызба әдісі арқылы.

Оқушылар дәптерлеріне жаттығуды жазып, спорт түрлерін анықтайды.

Үйренуге берілетін тапсырма.




Exercise-17. Can you guess what these sports are?

Үйренуге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау.





Геометриялық түрлі түсті фигуралар арқылы топты және оқушыны бағалаймын.

Оқушылар өз жинаған фигураларын көрсетеді.

Кері байланыс.





  1. Бүгін мен нені үйрендім?

  2. Маған не ұнады/

ұнамады?

  1. Жаңа сабақ бойынша тағы не білгім келеді?

Оқушылар стикерлерге өз пікір, ойларын еркін жазып, кері байланыс парағына жапсырады.

Сабақтан кейінгі рефлексия: Мен 7 модуль бойынша өткізген алғашқы сабағымда дәстүрлі әдіске қарағанда жаңа сабақтағы топтастыру мен сергіту сәтін пайдаланған кезеңдер оқушыларыма қатты ұнағанын байқадым. Сабағымдағы маған ұнағаны жаңа жоспар бойынша жүйелі зерделенген сабақ кезеңдерінің өтілу барысы, СМАРТ мақсаттың айқындығы және алдын ала ұсынатын табыс критерийлері, формативті бағалау ұнады. Дегенмен де сабақ барысында оқушылар топтық жұмыста шуылдап кетуі басылмай қояды, көшбасшы оқушылардың өзге оқушыларға мүмкіндік бермеулері байқалады екен. Болашақта да оқушыларымның сабаққа қызығушылықтары артып, топпен жұмыс істеуде жүйеленетіне сенемін. Бізде ағылшын тілін үйретуде тілдік дағдыны меңгеруде қиындықтар бар, бірақ осы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқылы ол қиындықтардан арылу жолын тапқандаймын. Әсіресе маған ұнағаны топтық жұмыста нашар оқитын оқушылардың да қызығушылығы байқалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет