Адам суреті бойынша Суреттің әлсіз басылуы – бостандық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы Суреттің қатты басылуы



бет1/8
Дата02.09.2022
өлшемі133,32 Kb.
#148637
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті
Изотерапия психологтарга, личко типы акценту, 444 Шульте-Горбова, v2100024429.16-09-2021.kaz, Инновация 2, аутоагрес, 666 10 сөз вариант 1

«Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті
Салған суреттерді интерпретация арқылы талдау жасау төмендегіше жүргізіледі.


Адам суреті бойынша
Суреттің әлсіз басылуы – бостандық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы
Суреттің қатты басылуы – әсердің шиеленістілігі, қызбалық, серпімділік
Қарындаштың қағазды жыртып салынуы - ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік
Қарындаштың басып салынуы –әсердің тұрақсыздығы
Суреттің бәсең салынуы –алаңдаушылық, үрей, фрустрация
Қиылысқан штрихталуы – аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар
Айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм
Соңына дейін жүргізілмеген сызықтар – алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)
Керекті нүктеге түспеген (жетпеген) сызық – серпімділік, аса қатты белсенділік
Сызық формасының бұрмалануы – серпілістік(импульсивность)
Ұқыптылық – алаңдаушылық, қоршаған ортаға байланысты өз қорқынышын қадағалау
Суреттің мөлдір элементтері – кемелденбеген, іс-әрекетіндегі өткірлік, серпімділік
Қызыл түстің шамадан тыс қолданылуы – ашу-ызаның басымдығы немесе белсенділік, шығармашылық
Қара-қошқыл түстің шамадан тыс қолданылуы – жабығушылық, депрессия
Шұбар түс – маньяктік бірбеткейлік
Әрең көрінетін ақшыл түстердің қолданылуы – өзінің шын сезімдерін жасыруға талаптануы
Пішіннің үлкендігі – мазасыздану жағдай, күйзелістік (стрестік) күй, серпімділік, аса қатты белсенділік (экспансивность)
Әсірелеудің мөлшері тым өзгермелі нұсқада болуы – әсердің тұрақсыздығы
Сурет қағаздың жоғарғы жартысында салынған – өз бағасын көтеруі, перфекционизм
Суреттің төмен жаққа қарай ығысуы – өз-өзіне төмен баға беруі
Сурет қағаздың шетінен шығып кетуі – серпілістік, үрей, қорқыныш


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет