Адамгершілік-асыл қасиет
Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы,ой бөлісу, Венн диаграммасы,Презентация /слайдтар/
Пайдаланатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар,суреттер, слайдтар.
Түрі: Тренинг-сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
а.Сәлемдесу
ә.Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
ІІ.Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу
Мұғалім: Қымбатты оқушылар,бар назарымызды тақтаға аударайық та,адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады? Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық
1-сдайд:
Татулық
Кішіпейілділік
Шыншылдық
Мейірімділік
Аяушылық
Сенімділік
Сыйластық
Адалдық
Міне оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық.Сонымен сабақтың тақырыбы «Адамгершілік – асыл қасиет» .
Мейірімді,қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,жан сұлулығын,парасаттылығын көрсетеді.
2- слайд: Тақырып
3- слайд. Мақсат: Сабақтың мақсатымен таныстырып өтейін. Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу
4-сдайд. Тренинг:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.
Қазір оқушылар,бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға,достарымызға,жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.
Көзімізді ашамыз.Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз.Бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды.Себебі, ол орындалмай қалуы мүмкін.
Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып,мақтау айтып,жақсы тілек жолдаймыз.Мысалы мен:« Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз.Лайым жүзіңнен күлкі кетпесін»,- деймін.Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады.
5-слайд.Маржан сөздер сыр шертеді:
«Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы,ұстаздан болады.» (Абай)
2.«Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!» (Кабуснама)
3.Жақсы адам жолдасынан белгілі.
4.Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
5.Бітер істің басына,
6.Жақсы адам-елдің ырысы.
Жақсы сөз – жанның тынысы.
Жақсы келсін қасына.
Дәулетін көрсең біреудің,
Қарама оған таңданып.
«Өзімде жоқ» деп опынып,
Күрсінбе әрі арман ғып.
6-слайд: Жақсы болу өзіңнен,
Мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
7- слайд: Көріністер: Асыл шөп
8-слайд: Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады,ал қоғамда татулық,бірлік,ынтымақ орнайды.
Келесі кезекте әр сан бойынша шағын мәтіндер беріледі.Мәтіндер оқылып,сұрақтарға жауап беруіміз керек.
9-слайд:Бала қиялы қалам ұшымен Өлең шығару
10-слайд: «Ақыл жолы » Сюжеттік көрініс
11-12-слайд: Венн диаграммасы:
Алдымыздағы қағазға «Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады.
13-слайд: Қорытынды:
14-слайд:Кішілерді аяла,
Кісілерден аянба.
Адамдығың көрінсін,
Анадай жан саяңда.
Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты боп өссең сен
Нағыз адам боласың,- дей келе
15- слайд: Бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Өмірде әрқашан жолдарыңыз болсын! Сәттілікте жүздесейік!
Достарыңызбен бөлісу: |