Адамгершілік – асыл қасиет Тәрбие сағаттың тақырыбы



Дата12.12.2021
өлшемі16,17 Kb.
#99907
түріСабақ
Байланысты:
Адамгершілік


Адамгершілік – асыл қасиет
Тәрбие сағаттың  тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:

Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу



Білімділік:

Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа үйрету. Балаларды адамилыққа болуға, қайырымдылық көрсетуге, қоршаған ортаны қорғауға, өз Отанын сүйуге дағдыландыру.



Дамытушылық:

Адамгершілікті білу іскерлігін дамыту.



Тәрбиелік:

Қамқорлық жасауға жетелеу, адамгершілікке тәрбиелеу.



Тәрбие сағатының формасы: Дөңгелек үстел.

Сабақтың көрнекілігі: видео, суреттер,слайдтар,проектор.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме,ойын.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабаққа психологиялық дайындық. Мемлекеттік әнұранды айту.

Шаттық шеңбері әдісімен оқушылардың көңіл күйін көтеру.

Ой қозғау әдісі.

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі.

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші  адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.

Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады,ал қоғамда татулық,бірлік,ынтымақ орнайды.

Сұрақтар :

1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Ойланайық, пікірлесейік

Кинометафра әдісі

« Адамшылдық туралы» кино көрсету. 1+1

Адамгершілікті қалай көрсетуге болады?

Өздеріңе қайырымдылық көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

4. Мақал – мәтелдер жарысы.

- Балалар осы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.

7. Сергіту сәті:

 

Мұғалім: Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.



Оқушылар бір –біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір – біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.

Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы адамгершілікті таныта алады



Жүректен жүрекке Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.



- Осымен сабағымыз аяқталды.  Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет