Адамның басты мақсаты өз ұлтының, өз жерінің мәдени ұстындарына сүйене отырып, өз бойындағы қасиеттірді дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру



Дата15.12.2021
өлшемі21,98 Kb.
#100848
Байланысты:
Авпазхан Айдана
Авпазхан Айдана

Адамның басты мақсаты – өз ұлтының, өз жерінің мәдени ұстындарына сүйене отырып, өз бойындағы қасиеттірді дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелеп, жүзеге асыру. Яғни мәдениет өмірдің тиянақтылығын, тұрақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын қамтамасыз ететін үлкен институт болып табылады. Ал қазіргі таңда қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық секілді белгілердің көбейіп кетуіне байланысты соңғы онжылдықтарда осы мәдениет феноменіне қызығушылық артып отыр. Бүгінгі қоғам өмірінде жиі көрінетін жағдайлар – ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік танытуы, бір мемлекеттің азаматтары бола тұра, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымдарға бөліну, бірін-бірі белгілі бір себепсіздіктерге байланысты жек көру секілді құбылыстар теріс бейсаналық пен түрлі келеңсіздіктерге жол ашып жатыр. Бұл қоғам, мемлекет, әлем бойынша орын алуда. Міне, қоғамдағы мәдениет функцияларының бірі – осындай қоғамдық немесе жеке әрекет түрлерін реттеу болып табылады. Яғни мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени нысан оқшау, мәңгіге берілген үлес емес. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады. Ал қазақ мәдениетін әдептік құндылықтардан тыс талдау мүмкін емес. Мысалы, «Мәдениеттану» оқулығының авторлары егер Батыста – рационалды ғылым, Шығыста – жантану өрістесе, онда қазақ сахарасында «адам болу» ұстанымы алдағы қатарда болған. Сол секілді дана халқымыздан «Адам әдебімен көрікті» деген сөздің қалуы да тегін емес. Демек, ұлттық мәдениет және руханиятымыздың негізгі көзіне адами ізгіліктер мен әдептілік белгілері кіреді. Әсіресе, ұлтымыздың мәдени өміріндегі мұсылмандар дүниетанымына жататын әдептілікті жіктейтін болсақ, оның ең бірінші қозғаушы күші деп адам мен пенде ұғымдарын ала аламыз. Адамға келсек, ол құдіреті күшті жаратушының ықпалымен дүниеге келген жанды жаратылыс. Барлық адамзаттың түп тамыры. Сондықтан ол кез келген елдің пәлсапасында тектілік ұғымымен түсіндірілетін сипатқа ие. Алла тағала адамды топырақтан жаратқан және оған өзіндік мән мен жан берген. Күшті адам ол – рухани бай адам. Осындай мақсат тұтатын пенде туралы қазақ халқын зерттеуші Қ. Жарықбаев өз ойларын былай түсіндіреді: «Ақылы бар адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыт-бағдары бар, кез келгеннің артынан еріп кетпейді. Салмақтылық, тұрақтылық, мінезділікке – адам ауадай зәру. «Қайда болсаң да өзіңді тізгіндей білу», «Тұлға болу үшін батырлық пен қатар ақпейілдік те керек», «Сабырлық – жақсы қасиет» 

Тұлғаның осындай ұнамды қабілеттерін тізе келіп, халықты ұнамсыз, жат әрекеттерден алшақтатады. («Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жетпейді», «Топасқа қылығы да қырсық болып жабысады», «Ұятсыздан үйдей пәле шығады»). Тұлғаға төмендегі әрекеттер, нақтырақ айтсақ – жалған сөйлеу, менменсу, ішімдікке салыну, нәпсіге бой алдырту, көреалмаушылық, күншілдік пен басараздық, жаман жолға түсу, тектен текке күйіп-пісу, ашуға бой алдыру, адамның өзі іс әрекеттерін басқара алмай және тағы да өзгелері ешқашан пайда әкелмейді. Ал саналы жан мұндай теріс әдеттерді өзінен әрдайы алыс ұстауға тырысады. Егер адам жақсы қасиеттерге бай болса, онда ол үнемі айналасындағылардың жағдайын қатар ойлайды. Ал мінезі нашар, теріс қылықты адам тек қана өз басының қамын жейді. Өмірде бақытқа жету үшін міндетті түрде өз бойыңда ізгі қасиеттерді сақтап, ұялата білген жөн. Себебі әр адамның бақытты болуы тек оның өзіне байланысты. Сондықтан әрдайым ізгі қасиеттерге бойымызды тәрбиелеп жүруіміз керек. Адам өзінің ақыл-санасымен қоса сана сезімін де билеп-басқара білуі керек, яғни өз көңіл-күйінің де басшысы болсын, тұңғиық, өз – өзін бағаламайтын адам – бұл әліде болса тәлім – тәрбиесі толықсый қоймаған адам. («Жанұшырушылық – топас адамның белгісі», «Ашуға ерік беру – ақылға зиянын тигізеді», «Ақыл ашумен қатар жүрмейді».



Салт-дәстүрге берік қазақ тәрбиесінде адамды жақсылыққа итермелейтін рухани күштердің арасында намыс маңызды рөл жасайды. Намыс адамдық менді қайрай түседі. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейді қазақ халқы. Қазақ халқының руханиятындағы тіршіліктің мәні мен оның басты қағидасымен айналысқан ғалым Г.Нұрышева намысты кісілік пен халықты (қауымды) тұтастырып тұратын негіз ретінде қарастырады[3, 142 б]. «Намыс» ұғымына Д.Кішібеков өзінің «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» [4, 45 б] деген монографиялық жинағында арнаулы тоқталып өтеді. Оның ойынша, намыс адамгершілік қасиеттің ең құнды көріністерінің бірі болып табылады.Бұл өмірде намыс сезімінің алуан түрі бар. Яғни бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтсақ, жігіттік намыс болады, туған жерге, дінге, руға, отбасына, істеген қызметіне, ұлт пен ұлысына байланысты намысшыл бола аламыз. Намысшыл адамның бойында жігерлік қасиет, мықтылық пен кез келген кедергіні жеңе алатын табандылықтың болары сөзсіз. Ал намыстан ада адамның бойында ар да, ұят та, тіпті адами қасиет те болмайды. Азаматтығымыздың негізгі бейнесі осы намысшылдығымыз болып табылады. Әсіресе, қазақтың ұлты тексіз емес. Ол қайсар халық. Оның бойында мықтылыққа жетелейтін намысшыл мінез басым. Жігерлі де батыр ел. Бұлай айтуымыздың басты дәлелі тарих беттері болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет