Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық



Дата26.02.2022
өлшемі29,06 Kb.
#133421
Байланысты:
Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық.


Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық.
Өзін ортасына сай , мәдениетті , сыпайы ұстаған , айналасына сыйласымды қарым - қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады . Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді . Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсету керек . Қонымды киім кию әдебі адамдардың ақыл - ойы , эстетикалық талғамы мен еңбегінің жемісі . Адам ортасына қарай киім таңдайды . Тойға киетін киімді жұмысқа киіп бармайды . « Киіміне қарап қарсы алады , ақылына қарап шығарып салады » деген нақыл бар . Адам туралы алғашқы пікір оның сыртқы бейнесіне байланысты туатыны рас . Бірақ « қымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді » деген ой тумауы керек . Бұл жерде бойға қонымды , үйлесімді , жинақы киім туралы айтылып тұр . Киім адамның болмысын , ерекшелігін көрсетеді . Киім кейде адамның мәртебесін көтереді , кейде адамды адепсіз етіп көрсетеді , кейде талғамсыз етіп көрсетеді . Жарасымды , қонымды киім киген адам қашан да өз - өзіне сенімді болып көрінеді . Киім адамды суықтан , ыстықтан , жауын - шашыннан қорғайды . Киіміне қарап адамның жасын , жынысын , қайда жұмыс істейтінін білуге болады . Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады . Соның арқасында әр адам өзінің даралығын сақтайды , басқа адамдармен біркелкі болмауына мүмкіндік туады . Киімнің түрі көп болса , әр адамның өзіне тән стиль таңдауына мүмкіндік туады . Стиль әр адамның Мінезі мен қызығушылығына байланысты болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет