СРС 4
1-тапсырма
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б.с.с.қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. б.).
Балаға қойылатын талаппен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі, немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылыктарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
2.Адамның нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті — баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалықжәнесандық «өзгерістер, ал жекелеп алғанда,анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуібілімініңартуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.Адамның психикалыққабілетісезіммүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезіммүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.
1. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді дұрыс кұруға жәрдемдесетіндей болу керек.
Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.
Текстегі көп нүктенің орнында болған сездерді естерінде сақтап оқиды.
Тексті дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.
Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |