2-тапсырма
«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) дыбыстық-буындық талдау жасау;
2) артикуляциялық жаттығулар;
3) мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;
4) тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;
5) тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;
6) мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;
7) өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;
8) белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;
9) мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
10) жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бірлесіп оқу» және «Бірлесіп жазу»);
11) таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;
12) сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;
13) суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;
14) сахналау;
15) берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.
31. «Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) графикалық сызба арқылы «оқу»;
2) кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
3) мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
4) мәтіннен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздерді тауып оқу;
5) сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);
6) мәнерлеп оқу;
7) рөлге бөліп оқу;
8) оқылған әңгіменің, ертегінің картасын жасау.
32. «Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жазу;
4) мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
5) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрап жазу;
6) шағын хат жазу;
7) есте сақтау арқылы жазу;
8) байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
9) сурет бойынша жазу;
10) өзі құраған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
3-тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |