Қағаз және қатырмақағазбен жұмыс жасау әдістемесі Қағаз жҽне қатырма қағазбен жұмыс бастауыш сынып оқушыларын қол еңбегін оқыту жүйесінде маңызды орын алып, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, жоғары талғамдыққа тҽрбиелейді. Балалардың ұжымда, ҿз ойын басқалармен сҽйкестіре отырып жұмыс істеу үшін, жұмыстың кейбір түрлерін барлық балалар бірігіп орындайды. Еңбектің бұл түрін оқыту барысында ақыл-ойы дамымаған балалардың бойындағы, зердесіндегі кемшіліктерді түзетуге үлкен мүмкіншіліктер туады. Оқушылар сабақта кҿлемді жҽне жалпақ пішінді, бір немесе бірнеше бҿліктерден тұратын, бұйымдарды сапасы әр түрлі қағаздан жҽне қатырма қағаздан жасайды. Балалар бұл үшін белгілі бір құралдарды пайдаланады. Бұйымды берілген үлгіге қарап жасайды. Сондықтан да, оқушылардың бұйымды талдап, оның ерекшеліктерін анықтап, салыстырып, қарапайым тұжырым жасай білулерінің маңызы зор. Бұйымды қағаздан жҽне қатырма қағаздан жасаудың белгілі бір бірізділігі бар, егер ол бұзылса оқушы бұйымды мүлдем жасай алмайды немесе жұмысты сапасыз орындайды. Осыған байланысты балалардың жоспар құру, оны іс жүзіне асыру жҽне істелген іс туралы қорытындылай білу қабілетін қалыптастыру керек.
Сабақтың тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Қағаз түрлерімен таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаз туралы және оның адам өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қағазбен жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қағаз түрлерінің ерекшеліктерімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, онымен белгілі бір заттар жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы
ІІ. Кіріспе
Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.
Ағаш дайындау
Ағашты орманнан әкету
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау
Қағаз қалай жасалады?
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.
Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендірпайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.
Қорытынды бөлім.
Бүгінгі сабақта шеберліктеріңізді көрсетіп барлығыңыз да жақсы еңбек еттіңіздер. Жарайсыңдар, оқушылар! Жасаған жұмыстарына қарай оқушыларды бағалаймын.