«Аффективті бұзылыстардың жіктелуі мкб -10



бет1/5
Дата28.04.2023
өлшемі374,4 Kb.
#175637
  1   2   3   4   5
Байланысты:
134450.pptx

Аффективті бұзылыстар

Аффективті бұзылыстар

аффективті көңіл-күй бұзылысы көңіл-күйдің тұрақты өзгерісі, түріндегі психопатологиялық жағдай, көбінесе оның төмендеумен немесе көтерілумен және апатико-абулиялық синдроммен көрінеді.

«Аффективті бұзылыстардың жіктелуі МКБ -10 (F3)»

1.Маниакальды эпизод (F30)

    • Гипомания (F30.0)
    • Психикалық симптомдарсыз мания (F30.1)
    • Психикалық симптомдармен жүретін мания (F30.2)
  • Биполярлы аффективті бұзылыстар (F31)
  • 2.Депрессивтік эпизод (F32)

    • Жеңіл депрессивтік эпизод (F32.0)
    • Орташа депрессивтік эпизод (F32.1)
    • Ауыр депрессивтік эпизод, психикалық симптомдарсыз (F32.2)
    • Ауыр депрессивтік эпизод, психикалық симптомдармен (F32.3)
  • Рекуррентті депрессивті бұзылыс (F33)
  • Көңіл күйдің тұрақты бұзылысы (аффективті бұзылыс) (F34)
  • Көңіл күйдің басқа бұзылыстары (аффективті) (F38)
  • Көңіл күй бұзылысы [аффективті] анықталмаған (F39)

Аффективті бұзылыстардың даму этиологиясы

1)Генетикалық себепке 11 хромосоманының аномалиясы жатады.

2)Биохимиялық себепке нейротрансмиттердің алмасу белсенділігі жатады, олардың саны депрессия кезінде төмендейді (серотонин) ал керісінше мания кезінде жоғарлайды және де депрессия кезінде кетохоломиндер дефициті байқалады.

3)Нейроэндокриндік себепке гипоталамо – гипофизарлы жүйе, лимбикалық жүйе және эпифиз бездерінің функциясының бұзылысы мен сипатталатын релизинг және мелотонин гормондарының ретсіз бөлінуі жатады.

Бұл процесстер күндізгі жарық фотондарына байланысты. Бұл ағзада болатын қалыпты, ретті жағдайларға кері әсерін тигізеді (ұйқы, жыныстық активтілікке, тамақ ж.т.б)

Бұл қалыпты процесстер аффективті бұзылыстар кезінде жүйелі түрде бұзылады.

Аффективті бұзылыстардың клиникасы

  • Негізгі бұзылыстар моторлық белсенділіктің артуы немесе төмендеуі себебінен көңіл – күйдің көтерілуі немесе күрт төмендеуі және де әлеуметтік функциялаудың өзгерістері мен көрінеді.
  • Клиника эпизод күйінде басталады (маниакальды, депрессивті) биполярлы (екіфазалы) реккуренттік бұзылыстар, және де көңіл күйдің тұрақты бұзылыстарымен сипатталады.
  • Психоздар арасында психопатологиялық симптомдарсыз интермесси болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет