Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі33,62 Kb.
#178448
  1   2
Байланысты:
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану


Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану .

  • Зерттеудің мақсаты: білім беру жүйесіндегі жаңа технологияның соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алатын орны көрсетілді.

  • Цель исследования: определить эффективность использования АКТ в обучении английскому языку в школе.

  • Aim of the research: to define efficiency of using ICT in teaching English at school.

Елбасымыз Н.Нaзapбaeв “...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз”, – деп сенім артады.Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек


Біздің оқушылардың қазіргі «цифрлық буыны» технологияларды қолдана алады ,алайда олардың көмегімен білімді игеріп алады деу артық.Оқып-жазуды меңгерген адамның кітаптың көмегімен де білімді игеріп кетуі екіталай. Білім алушыларға технологияларды жетік меңгерген жан-жақты оқытушылар қажет.
Қолжетімділіктен немесе педагогтар оларды қолдануымыз керек деп ойлағандықтан ғана технологияны қолдануға болмайды. Технологияның тиімділігі оның білім беру мақсаты мен тәжірибесін қаншалықты іске асыратыны мен байланысты. Метаталдау нәтижелері технология қолданған балалардың оқу нәтижесі технологияны қолданбаған балаларға қарағанда 12%жоғары болатынын көрсетіп отыр.Алайда білім беру кезінде технологияны қолданбаған сыныптарда,қаншалықты деңгейде қолданылғанына байланысты,нәтижелері де түрліше болып келеді.
Технология қызметі:

  • Білім алуға қажетті құрал

  • Оқытуды жолға қоя отырып ,білімді зерттеуге арналған ақпараттық тәсіл

  • Әрекет ете отырып, оқытуды іске асыруға қажетті контекст

  • Әңгімелесе отырып,оқытуды жолға қоюға қажетті әлеуметтiк орта

  • Сипаттай отырып,оқытуды іске асыратын интеллектуалдық серіктес.

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі.Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі –жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология негіздері болып табылады.Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

  • Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын

  • тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.

  • Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.

  • Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет/ WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану .

Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі ақпараттық заманда оқушыларды таңғалдыру мүмкін емес жағдай. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым басқаға өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен санасу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Әр сабағымда ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Олар телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Себебі, кітапта жоқ ақпараттарды, электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне (видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Осы модульде нұсқаулықта берілген подкаст, wiki-беттерімен жұмыстану мен үшінде, оқушы үшін де жаңалық болды. Алдағы уақытта осы жаңалықтарды оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін ұғындым. Мен өз сабақтарымда АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырыстым. Сабақта қолданылатын ақпараттық технологияның бірі– интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше. Интерактивті тақтаны сабақта қолдану Activstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог,диалог) тыңдап-түсіну,оқушыға өтілетін тақырып бойынша грамматика, лексиканы ұғындыру мақсатында, орындалатын әрбір тапсырманы және жүргізу барысында қолданылатын кестелерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып көрсеттім. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.Нәтижесінде оқушылар өз ойларын бағдарлама талаптарына сай үйретіліп отырған тілде еркін жеткізе алды, шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білді, пәнге деген қызығушылыықтары артты.Өткен тақырыпты қайталау мақсатында Activote құралы арқылы тест тапсырмасын өткізуде, Аctivote құралының тиімділігі оқушылардың жауаптары бірден бағаланады. Бұл әсіресе АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді.


Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке іс-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді.
АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.
Ал, оқушы нәтижесінде пәнге деген қызығушылықтары артады, оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылық белсенділіктері дамыды, білім, білік, дағды деңгейі қалыптасады, сабақта уақыт үнемделді, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасауды үйренеді, АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді, ағылшын тілін үйренуде тіл тосқауылының кедергілері азайды, АКТ –ны басқа модульдермен ыкпалдастырылып пайдаланады, ғаламтор желісін пайдалану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отырды,бұрынғы білімі мен қазіргі алған білімін салыстыратын болды, алған білімдерін өмірмен байланыстырып отыратын болды.
Қорыта келе айтарым, бұл - ақпараттық -коммуникациялық технология мұғалім үшін педагогикалық технологияны игеруі; сабақ уақытын тиімді қолдану, білімнің тереңдігі, жиелік қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу. Қазақстанның болашағы білікті мұғалімдер мен білімді жастардың қолында.Қазіргі таңдағы цифрлық дәуірде әрбір мұғалім ақпараттық технологияларды жақсы меңгеріп және сабағында қолданып оқушыларды оқытуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет