Сабақтың тақырыбы:Аналогты-сандық түрлендіру кодері
Жаңа тақырыпты баяндау Кодер – аналогты сигналды сандық кодына түрлендіретін құрылғы болып келеді. АИМ – ИКМ. Кодердің түрлері:сызықтық және сызықты емес кодерлер.
Сызықтық кодерлердің түрлері: - санау, өлшеу, матрица. Бірполярлы және биполярлық сигналдарға арналған сызықтық өлшеуіштер блоктарының диаграммалары.
Сызықты кванттау шкаласы бар кодтаушы сызықты деп аталады, ал сызықты емес кванттау шкаласы сызықты емес деп аталады.
Оның алгоритмі затты таразыда өлшеуге ұқсас.
Бірполярлысызықтық өлшеу кодердің құрылымдық схемасы:
Бірполярлық ондық импульстердің кодтауы.
Кодердің құрылымы: К- компаратор(салыстыру схемасы), ГЭТ- эталонды токтың генераторы ЭТГ, ЛУ – логикалық құрылғы ЛҚ, ПК – код түрлендіргіші КТ.
Компаратордың жұмыс істеу алгоритмі:
Кодтайтын сан компаратордың К бірінші кірісіне жіберіледі, цикл ЛҚ-ның бірінші шығысты 1 күйіне қоюынан басталады. Бұл кезде Кл+ (кілтер) тұйықталады (ЛҚ 2.....8 шығысынды 0 күйінде тұрады), компаратордың кірісінде Іэт=0. Санау биполярлы болғандықтан, компаратордың бірінші шығысында кодталған 1 қалыптасады және ЛҚ бірінші шығысында күйі = 0, онда Кл+ ашылады, инвертор DD2 арқылы Кл- қосылады, DD2 шығысында 1 КлК қалпын өзгертеді және оған инвертор қосылады
Кодтау мысалын қарастырайық. UАИМ=107Δ кодтаймыз, бұл жерде Δ–кванттау адымының кернеу шамасы