Ақырыбы: Қысқа мерзімді жоспар бөліктері



бет1/2
Дата09.04.2022
өлшемі0,75 Mb.
#138584
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
жинақ
laser ppt

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
Жинақ

Т
ақырыбы: Қысқа мерзімді жоспар бөліктері


Орындаған: Джармухамбетова А.У.
Топ: 3аКШИ-9
Тексерген: Мухтарова Ш.Е.

Орал 2022ж.


Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Сабақтың басты міндеті – оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» ( Математика . Орта білім беру мазмұ нын жаң арту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналғ ан оқ у бағ дарламасы . – Астана, 2016 , 6 б.).
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.

Сабақ мақсаттары


Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.
Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мәселен, 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша келтірілген «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» деген оқу мақсатын былайша сабақ мақсаты етіп келтіруге болады: «Оқушылар геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажыратады және атайды».
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс. Бұл туралы мынандай сөз бар: «Сыныпта бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытқан жағдайда: 1/3 оны біледі, 1/3 түсінеді, 1/3 ешқашан түсіне алмайды. Сондықтан сыныптағы балалардың 2/3 уақытты босқа жоғалтады» (Скотт Виллис).
Саралап оқытуды жоспарлағанда мына сөздерді ескерген жөн: «Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.
Бірінші фактор білім алушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.
Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін» (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. Құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 46 б. – 21 б.).
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында саралап оқыту туралы былай деп жазылған: «Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 17 б.).
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Мысалы, жоғарыдағы оқу мақсаты мұнда мынандай түрде келтірілуі мүмкін: «Оқушылар 9 геометриялық фигуралардың барлығын да бір бірінен ажыратады және атайды». Мұндағы таным деңгейлері «Білу» («атайды») және Түсіну («ажыратады»).
Ал 7-сынып тарих сабағының «Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?» тақырыбы бойынша «7.3.1.10. Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау» және «7.3.2.6. Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау» атты екі оқу мақсатын былай көрсетуге болады: «Барлық оқушылар: 1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтайды (Түсіну); 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдайды (Талдау)».
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
Жоғарыдағы тарих пәнінің мақсатын мұнда былайша көрсетілуі мүмкін: «Оқушылардың басым бөлігі XV ғасырдың басындағы Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының орта ғасырлық мектептердің ішіндегі алатын орнын анықтайды» (Талдау).
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.
Жоғарыдағы мақсатты былай көрсетуге болады: «Кейбір оқушылар Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нәтижелерін бағалап, 5-тен кем емес дәлелдер келтіреді» (Бағалау).
Б
ағалау критерийлері
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі)» («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).
1, 2, 5, 7-сыныптарда бағалау критерийлерін оқу мақсатына байланысты «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан» алуға болады. Ал басқа сыныптарда қалыптастырушы бағалау таңдалмаған оқу мақсаттары үшін бағалау критерийлерін мұғалімнің өзі құрастыруы керек.
Бұл туралы әдістемелік нұсқау хат былай дейді: «Әр оқу мақсаты бойынша бағалау критерийлерін мұғалім әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, мұғалім өзінің білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келсе, ЖӘК порталына орналастырылған жиынтық бағалау бойынша жинақтардағы бағалау критерийлерін пайдалануға құқығы бар. Бастауыш мектептің өзінде оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте оқыту процесі дәстүрлі оқыту процесінен алшақтағанын және күтілетін нәтижелерге негізделетінін есте сақтау қажет. Күтілетін нәтижелер алты білім салалары бойынша анықталады және іс-әрекеттік аспектісін көрсетеді, яғни білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 213 б.).
Мұнда мына мәселеге назар аудару керек. Бағалау критерийлері оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады.
Мысал келтірейік. 1-сынып математикасындағы «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» мақсаты бойынша «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Математика. 1-сынып» жинағы (Астана, 2016, 23 б.) мынандай бағалау критерийлерін келтіреді: «Білім алушы геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш) бір бірінен ажыратады және атайды». Яғни, оқушылардың сабақ мақсатына жеткен-жетпегендігін, үйрену деңгейін оның геометриялық фигураларды дұрыс атай алатындығы мен оларды бір-бірінен ажырата алатындығынан көруге болады. Бұл сабақ барысында оқушыларға осы екі мәселені (атау және ажырату) жүзеге асыра алатындығын айқындайтын тапсырмалар беру керек деген сөз.
Тарих сабағында мынандай бағалау критерийлерін құрастыруға болады: «1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін бір-бірімен салыстыра анықтайды; 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын картаны қолдана отырып анықтап, нәтижелерін талдайды».






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет