Атамекен
Сөзі:Қ.Мырзағалиев
Әні:Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына қимай оны,
Қимай оны, батады екен. Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын , көп күлем. Асқар тауың аспаныммен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.