Қайым Зәмзәгүл Сайфиддинқызы МҰҒалімнің КӘсіби-шығармашылық сипатын дамыту жолдары


Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бағдарлау жолдары деп аталатын тарауда



бет4/4
Дата13.05.2020
өлшемі60,95 Kb.
#67958
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
автореферат Замзегул

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бағдарлау жолдары деп аталатын тарауда, әлемдік білім беру шеңберіне еніп, осы жүйені қабылдағын біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі жаһандық өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейімен сипатталады. Ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.

Қазіргі таңда жаңа тұрпатты мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттілігіне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие болуы тиіс [40].

Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру-мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру-әрекеттік (өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады [40,169б.]. Ұйымдастырушылық қызметі – мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс істей алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен мақсатты қарым-қатынас орната білуімен айқындалады [40,170б.].

Қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби педагогикалық шеберлігіне ақпараттық құзырлылықтың болу да талап етіледі. Мұғалім бойындағы осы сияқты құзыреттіліктердің кешенді түрлері педагогикалық шеберлік шеңберін құрайды.

Педагогикалық шеберлік - инновациялық жаңалықтар мен озат педагогикалық тәжірибенің бірлігі, жалпы кәсіби мәдениетінің даму нәтижесі, жеке тұлғаның дамуы және жетілуі, шығармашылығы. Педагогикалық шеберлік негізгі төрт компоненттен тұрады [41]:

1. Кәсіби бағыт.

2. Пәндік және әдістемелік.

3. Педагогикалық техника.

4. Педагогикалық қабілет.

Тұлғаның кәсіби бағыттылығы кәсіпке деген оң көзқарас арқылы қызмет нәтижелігін арттыру болып табылады. Ал мұғалімнің өз пәні мен оқыту әдістемесін меңгеруі, педагогика мен психологияны білуі педагогикалық шеберліктің негізін құрайды. Қазіргі кезде бұл компонентке қояр талапта жаңаша өзгеріп, талап шеңбері одан әрі ұлғаюда.

Педагогикалық шеберліктің негізгі бөлігі және қоғам өзгерісіне бағыттала жаңаша мазмұнда сипатқа иеленетін- педагогикалық қабілет. Педагогикалық қабілет дегеніміз мұғалімінің дидактикалық ұйымдастырушылық, эмоциялық көңіл-күйі мен сөйлеу техникасын басқара білу дағдысы [42]. Ұлы шығыс пәлсапашы Әл Фараби «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділдікті сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» -деп атап көрсеткен [43].

Кәсіби шеберлік деп, ерекше бір жағдайларда күрделі кәсіптік міндеттерді шешудің сапасы жағынан жаңаша, анағұрлым тиімді деңгейін қамтамасыз ететін, адамның белгілі бір іс-әрекетті меңгеріп, онымен ұзақ уақыт айналысуының арқасында пайда болатын психофизиологиялық, психикалық және жеке тұлғалық өзгерулерін айтады [44].

Кәсіби педагогикалық шеберлік мынадай сапалық көрсеткіштермен сипатталады:

-гнесологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;

-мұғалімнің өз мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;

-кәсіптік көрегендігі;

-педагогикалық сүйіспеншілікпен балаға деген сенімділігі;

-ұйымдастырушылық шеберлігі;

-инновациялық технологияны меңгеруі;

-ұстаздың сезімталдығы, үлкен жауапкершілігі;

-педагогикалық техника;

-креативтілік [45].

Педагогикалық шеберлік — тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және-әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол — әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі деп анықтама береді автор [46].

Жас бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігі - оның бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы» деп мазмұндаған [47].

Ал Т.М.Сорокина педагогикалық шеберлікті өз зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімі құзыреттілігі ұғымын, оның кәсіби дайындығының динамикалық, процессуалдық, кәсіби өсу, өзгеру сипатын мотивациялық және әрекеттік тұрғыдан қарастырады [48].

Педагогикалық кейбір әдебиеттерде кәсіби педагогикалық шеберліктің компоненттерін былай қарастырады [49]:

1. Мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы.

2. Кәсіби тұрғыдан маңызды білім.

3. Кәсіби тұрғыдан қажетті қабілеттілік, шеберлік пен дағды.

4. Кәсіби шығармашылық.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары қатар пайдаланылып келеді. Алғашқысы, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал соңғысы, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері» деп мазмұндайды [50].

Алайда жаңарған қоғамда педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді. Мұндай жағдайда педагог кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруді үздіксіз белсенді қолға алуды сұрануда. Нәтижесінде педагогтардың кәсіби өсуі жүзеге асады.

Педагогика ғылымында педагогтің кәсіби өсуі төмендегідей ұғымдармен анықталады: кәсіби іс-әрекет, кәсіби мәдениет, кәсіби құзыреттілік, педагогикалық шеберлік [51]. Сонымен жаңарған қоғамға қажетті бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іскерлік сапаларымен тікелей байланыста екендігін ескереміз.

Кез келген жеке тұлға өзінің болашақ таңдаған мамандығына қатынасын әр түрлі білдіре алатындығы психологиялық басылымдардағы мақалаларда айқын көрсетіледі. Бұл жайт педагогқа да қатысты.

Біріншіден, мұғалім немесе тәрбиеші жалпы педагогикалық қызметке және оқушыларға оң көзқараспен қарауы керек, болмаса, оның жұмысында үлкен қиындықтар туындайды. Ал өз мамандығына деген оң көзқарас мамандыққа деген қызығушылықтың туындауына алып келеді, педагог бойында атқарған жұмысының нәтижесі үшін жауапкершілік сезімінің оянуына әсер етеді және педагогты жеке қасиеттерін жетілдіруге ынталандырады. Осы айтылғандардың ең маңыздысына: жоғары адамгершілік, сенімділік, азаматтық парызды сезіну, қоғамдық белсенділік, отансүйгіштік, басқа ұлтқа деген құрмет, еңбекқорлық, кішіпейілділік, балаларға деген махаббат пен мейірім, қайырымдылық, ізгілік пен т.с.с. жатады [52].

Екіншіден, жоғары білікті педагог болу үшін адам кәсіби жағынан қажетті білімдерді игеруі керек [52,29б.]. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімі бір ғана пәннен емес, бірнеше пәннен сабақ береді: ана тілі, оқылым, математика, еңбек, дүниетану, сурет және т.б. Сондықтан осы пәндер бойынша арнайы теориялық дайындығы болуы тиіс. Оның арнайы дайындығы дегеніміз жоғарыда аталған пәндердің барлығынан алған білімді игеру болып табылады. Онымен қоса, бастауыш сынып мұғалімінде әрбір оқушыға осы пәндер бойынша өз білімін түсінікті етіп меңгертуге көмектесетін жеке әдістер бойынша да қажетті білімі болуы шарт.

Заман талабына сай, мұғалім еркін ойлай алуы, оның әлем жайлы түсінігі, кең ой-өрісі болуы керек – ол үшін мұғалім саяси, экономикалық, заң және басқа да қоғамдық білімдерді игеруі тиіс. Ғылыми сауаттылық, зияткерлік ізденіс, өз педагогикалық білімін жаңартуға және кеңейтуге деген құлшыныс заманауи педагогқа қажетті қасиеттер болып табылады. Заманауи ғылым мен техника жетістіктерін қолдана алу қабілеті, зерттеу жүргізе алу қасиеті де зерттеу жұмысы болып табылады. Зерттеу процесі барысында педагог нақты материалды жинап, оларға талдау жүргізіп, қорытындылайды – мұндай жұмыс оған өз тәжірибесін басқа педагогтар тәжірибесімен салыстыруға, сондай ақ кез келген ғылыми теорияларды тәжірибе жүзінде тексеріп көруге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, шебер болу үшін, педагог бойында педагогқа кәсіби қызметті тиімді атқаруға көмектесетін бірқатар қабілеттері болуы керек. Мұндай қабілеттіліктердің қатарына мыналар жатады [52,30б.]:

а) ұйымдастырушылық қабілет – оқушылар ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оларды маңызды тапсырмаларды шешуге бағыттау қабілеті; өз қызметін және оқушылармен бірге бірлескен қызметті ұйымдастыру қабілеті;

б) коммуникативтік қабілет – оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау процесін басқару, шиеленістердің алдын алу және оларды уақытылы жою қабілеті;

в) дидактикалық қабілет – өз білімін түсінікті етіп жеткізу, оларды оқушыларға түсіндіру; өз бетінше жаңа білім алу, ғылымның дамуын бақылау және өз тәжірибесінде ғылыми жетістіктерді қолдану қабілеті; оқушыларды өз бетінше ойлауға, өз ойын еркін айтуға және оны қорғауға үйрету қабілеті;

г) бақылау қабілеті – әрбір оқушының ішкі жан дүниесін зерттеу және оны түсіну, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін, рухани дүниесінің «құпияларын» ашу, әрбір тәрбиеленушінің тұлға болып қалыптасуына ықпал ету қабілеті;

д) сөйлеу қабілеті – өз ойы мен сезімін ауызша және жазбаша тіл көмегімен нақты және айқын етіп білдіру қабілеті, оқу материалын, әдістемелік нұсқауларды түсіндіру, оқушылардың білімін, қабілеті мен мінез-құлқын бағалау қабілеті; мұғалім ешбір стилистикалық және грамматикалық қателерсіз, нақты, қарапайым (түсінікті), мәнерлі, эмоционалды, мазмұнды және бейнелі етіп сөйлей және жаза алуы керек;

е) гностикалық қабілет – тұлға дамуының келешегін алдын ала болжау қабілеті, яғни өз оқушыларын зерттеу материалының негізінде олардың танымдық қызметінің тәртібі мен нәтижесін, тұлғалық қасиеттерінің дамуын анықтай алу қабілеті. Бұл қабілеттіліктер оптимизмге, мұғалімнің өз оқушыларына артқан сеніміне негізделген;

ж) оқушылар назарын басқара алу қабілеті – мұғалімнің оқушыларды қызықтыра алуы, олардың назарын нақты мәселеге, тапсырмаға аудара алуы. Бұл қабілеттілік мұғалімге барлық оқушыларды бір мезгілде «көруге», олардың арасынан қабілеттілерін іріктеуге, олардың қызметін (оқу, еңбек, қоғамдық) дұрыс жолға қоюға мүмкіндік береді [52,30б.].

Жоғарыда аталған шеберліктердің жиынтығының барлығы педагогтың жемісті қызметін қамтамасыз етіп, оның өз жұмыс және абырой тәжірибесін, өз стилін жасауға ықпал етеді. Бірақ, егер мұғалім бойында жұмысқа деген еңбекқорлық, сабырлық, талаптылық, табандылық, шығармашылық амалдары, жасаған жұмысының нәтижесіне жауапкершілік және т.с.с. сезімдері болмаса, жоғарыда аталған шеберліктерді педагог игере алмайды.

Мұғалім шеберлігінің құрамдас компоненттеріне:

-оқыту шеберлігі (негізгі ғылымдардың қалыптасуы);

-сабақты дайындау мен жүргізу шеберлігі;

-оқушылармен жеке жұмыс жүргізу шеберлігі;

-сабақты бақылау және талдау, жинаған тәжірибені басқа мұғалімдерге көрсету шеберлігі [52,31б.].

Егер тәжірибе тұрғысынан педагогтың кәсіби әлеуеті бағдарламасына қарайтын болсақ, мұнда бірінші орында интегралды қасиет – мұғалімнің шеберлігі тұрғандығын көреміз.

Шеберлік – бұл «өз бейімділігіне сәйкес жұмыс істейтін және балаларды сүйетін әрбір педагогқа қолжетімді, тәрбиелеу мен оқытудың жоғары және үнемі жетілу үстіндегі өнері болып табылады [53].

Педагогикалық шеберліктің жаңа мазмұны заманауи форматтағы педагогтың сапалық көрсеткішімен анықталады. «Жаңа форматты педагог дегеніміз өз ісінің шебері – ол өз пәнін жетік меңгерген, ғылым немесе өнер салаларын жақсы білетін, жалпы және әсіресе балалар психологиясын тәжірибе жүзінде талдай білетін, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін жетік меңгерген жоғары мәдениетті маман» деген анықтама береді [54.].

Тарихи тұрғыдан педагогикалық теорияда мұғалімдік шеберлік түсінігіне қатысты екі әдіс қалыптасты. Бірінші әдіс - педагогикалық еңбек әдістерінің түсінігімен байланысты болса, екіншісі, тәрбиелеуде маңызды рольді әдіс емес, мұғалімнің тұлғасы атқарады деген тұжырымдамаға негізделеді. Әдісті педагог тұлғасынан айыруға болмайтындықтан, мұнда ешқандай қарама-қарсылық жоқ, оның айырмашылығы тек шеберлікті қандай көзқарасқа сай қабылдауда ғана – оны орындайтын тұлғаның әдісі ретінде ме, әлде әдісті қолданатын педагог тұлғасы ретінде.

Мұғалімнің шеберлігі, ең бастысы, қандай жағдайда болмасын, тіпті ең жағымсыз жағдайларда болсын, оқушылардың қажетті әдептілік, даму және білім деңгейіне қол жеткізе алатындай етіп оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра алуында. Шынайы мұғалім әрдайым кез келген сұраққа ерекше жауап табады, оқушыға арнайы қарым-қатынас жасай отырып, оның ойын оятып, оны толқыта алады. Сонымен, шебер – ол оқытудың заманауи әдістерін меңгерген мұғалім.

Көптеген мұғалім-шеберлердің тәжірибесіне сүйену жолының кезеңдері мынадай: шеберлердің жұмысын бақылау, үнемі өз бетінше білім алу, арнайы әдебиеттерді оқу, өз тәжірибесіне оқытудың жаңа әдістерін ендіру, өзін өзі тексеру. Мұғалімнің шеберлігі оның сабақ барысында үйрете алу қабілеттілігінде, оқушыларды белсендіруде (олардың қабілеттіліктерін, өз бетінше жұмыс жасау, қызығушылығын дамытуда), оқу үрдісінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе алу, оқушы бойында жоғары адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, тәуелсіздік сезімін қалыптастыру қабілетінде көрініс табады.

Мұғалімнің міндеті – оқу үрдісінде оң эмоциялардың пайда болуына ықпал ету. Ол қарапайым әдістер: жұмыс әдісін өзгерту, мұғалімнің қызбалығы мен белсенділігі, қызықты мысалдар, тауып айтылған ескертулер және т.б. Бұл әдістер тек уақытша табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттырып, басты міндетті шешеді – ол пәнге деген үздіксіз және тұрақты қызығушылықты қалыптастырады.

Педагогикалық шеберліктің мәні – мұғалімнің жеке мәдениетінің, білімінің және ой-өрісінің, оның оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, педагогикалық техника мен алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік меңгеруімен байланысты жан-жақты теориялық дайындығының ерекше қорытпасында.

Педагогикалық шеберлік – барынша күрделі ұғым, ол шеберліктің ажырамас компоненті ретіндегі шығармашылықтан тұрады. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты: егер де педагогтың шығармашыл рухы болмаса, ол басқаларды көшірмелеп қана қойса, ол шеберлікке қол жеткізе алмайды. Педагогикалық қызмет құпияларын меңгеруге ұмтылатын және оларды өз жұмысына ендіретін, өз мүмкіндіктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, мазмұнды, әдістерді немесе құралдарды өзгертетін мұғалім ғана шығармашыл түрде жұмыс жасайтын мұғалім болып саналады [55].

Педагогикалық шығармашылық жаңару қоғамында алдыңғы орынға шықты. Педагогикалық қызмет өзінің мәні жағынан шығармашылық сипатқа ие, өйткені оның құрамына жылдам шешімді талап ететін әр түрлі өте көп жағдайлар кіреді. Әдетте, бұл жағдайлар ерекше, сол себептен педагог проблемаларды шешудің әр түрлі үлгілерін табуы қажет.

Педагогикалық шығармашылықтың ерекшелігі педагог еңбегінің ерекшелігімен мазмұндалады: оқыту, тәрбиелеу және дамыту – бұл оқушылар тұлғасын, адамгершілігін, дүниетанымын, сенімін, ойын қалыптастырумен байланысты құрамына сансыз педагогикалық жағдайлар кіретін процесс. Мұндай проблемаларды шешудің жолдарын, әдістері мен тәсілдерін іздеу, оларды пайдалану технологиясы барысында педагогтың шығармашылығы көрінеді. Тек шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог қана балаларды, жасөспірімдерді, жастарды нәтижелі оқыта және тәрбиелей алады, сондай ақ алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді өз ісінде зерттеп, қолдана алады.

Педагогикалық шығармашылық көптеген элементтерден тұрады:

-жаңалыққа ұмтылу;

-қайталамау тілегі;

-өзгелердің арасында ерекшелену;

-педагогтың өз ісіне жағымды қатынасын сипаттайтын жасампаздық өнері [55,47б.].

Педагогикалық қызмет үрдісінде кез келген мұғалім, тәрбиеші бойында педагогикалық шеберліктің қалыптасу деңгейін дұрыс бағалай алуы өте маңызды. Төменде бағалауға қажетті мынадай белгілерді ұсынады автор [52,39б.]:

1. Жұмыс әдістерінің, құралдарының, түрлері мен формаларының әр түрлілігі, олардың жаңашылдығы;

2. Еңбек өтілінің жаңа алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктеріне сәйкес келуі;

3. Қол жеткізген нәтижелердің тиімділігі, өзектілігі мен оңтайлылығы, өзгеріп жатқан жағдайларда ұзақ уақыт бойы олардың тұрақты болып қалуы;

4. Педагогтың өз тәжірибесін жалпылай, басқа педагогтармен тәжірибе алмаса алу шеберлігі [52,39б.].

Әрдайым жаңарып отыратын педагогикалық үрдіс педагогтан өз шеберлігін тұрақты түрде дамытып отыруды талап етеді.

Осыңан енгізделген педагогикалық шеберліктің қалыптасу кезеңдері болады. Педагогикалық шеберліктің қалыптасу және даму үрдісінің күрделілігін, көпқырлылығы мен ұзақтығын ескере отырып, оның ішінен мынадай кезеңдерді атап көрсетеді [52,102б.;11,108б.]:

1-кезең - кәсіби ағарту;

2-кезең- кәсіби іріктеу мен кәсіби дайындау;

3-кезең – кәсіби бейімделу;

4-кезең – кәсіби өсу.

1-кезең мектептің, гимназияның, лицейдің жоғары сыныптарында немесе колледжде алған білімімен байланысты. Бұл кезеңде оқушылардың бойында әрбір мамандыққа деген қатынасы қалыптасады. Олар қызықтырған мамандық жайлы мәліметті мұғалімдерден, ата-аналарынан, таныстарынан, бұқаралық ақпарат құралдарынан алып, соған сай оқу орындарына түсуге дайындалады.

2- кезең студенттер қажетті кәсіби білім, дағды мен шеберлікті алатын орта және жоғары арнайы оқу орындарында алған білімімен байланысты.

3-кезең студенттердің педагогикалық тәжірибесімен байланысты, бұл тәжірибеде олар теорилық ережелердің дұрыстығын тәжірибеде тексеріп, өз білімін, дағдысы мен шеберлігін нығайтады, яғни студенттер таңдап алған мамандығын өзіне «шақтап көреді», соның арқасында ол мамандық таңдауы дұрыс, әлде бұрыс болғандығы жайлы қорытынды жасайды.

4-кезең жас мамандардың өз бетінше жұмыс жасауымен байланысты. Олар өз бетінше кәсіби жұмыс жасау барысында алған білімін, дағдысын, өз педагогикалық шеберлігін дамыта отырып қолданады. Бұл кезең ұзақ, оның нәтижелілігі көптеген факторларға байланысты болады [52,37б.]. Осы кезеңдерді өздерінің зерттеу жұмыстарының өзегі еткен және жаңа форматты бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың моделінің негізгі мазмұны құрайды [11,109б.]. Концептульды модельдің сипатына әр кезеңге сәйкес қалыптасып, жетілетін кәсіби педагогкалық қабілеттер іріктеліп ұсынылған.

Педагогикалық шеберлікті бағалауға болады. Мұғалімдерді аттестациядан, бастауыш сынып оқушыларын қоса алғанда, өткізу барысында, олардан жоғары біліктілікті талап ететін, оқыту және тәрбиелеу үрдісін басқара алу шеберлігі бағаланады. Мұғалімдердің еңбекақысы олардың алған санатына тәуелді, сол себептен, мұғалімдер мерзімді түрде аттестаттаудан өтеді. Мұғалімдер біліктілігінің мынадай санаттары: жоғары, І, ІІ, ІІІ, бірақ педагог шеберлігінің деңгейін анықтау – мектеп басшыларының, халыққа білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып табылады [56].

Педагог еңбегін бағалау өте қиын, өйткені оның жұмысы көпқырлы, көпжоспарлы, оның құрамына әр түрлі қызметтер кіреді: оқыту, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық, зерттеу және т.б., сол себептен, мұнда кешенді әдісті пайдалану қажет.

Біріншіден, аттестаттау барысында, ең алдымен, мұғалімнің тек білімін, шеберлігі мен дағдысын ғана бағаламай, сондай ақ оның жұмысқа деген қатынасын, оның жауапкершілік деңгейі мен оң тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу дәрежесін де бағалау керек [56,17б.].
Екіншіден, аттестаттау бір күндік іс емес, ол бүкіл жыл бойы жүргізілуі қажет, ең болмағанда алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес бірнеше ай бойы.

Үшіншіден, бастауыш мектепте аттестаттау тек оқу ісі меңгерушісінің қатысуымен ғана емес, барлық бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен жүргізілуі керек [56,18б.].

Педагог бірінші 3-5 жыл жас маман болып саналады, жұмыс орны тарапынан оған тәжірибелі жетекші маман кеңесші болып тіркеледі, осы жетекшінің басшылығымен ол көпжылдық тәжірибені зерттеп, оны өз тәжірибесіне ендіреді. Келесі 5-6 жыл жас мұғалімдер өзінің кәсіби дағдысын нығайтып, дамытады, оларда өз жұмыс стилі қалыптасады.

Келесі 5-10 жыл ішінде алдыңғы қатарлы және жаңашыл тәжірибені қолданатын, сондай ақ өзінің бірқилы тәжірибесін жасайтын педагогтар мұғалімдер арасынан көзге түсе бастайды.

Жоғарыда аталған кезеңдер тек шартты түрде ғана алынған, өйткені әрбір педагог-шебердің қалыптасу және даму процесі дербес, оның тұлғасы қайталанбас: бір адамдар өз абыройын барлық жұмысты белсенді түрде атқарудың арқасында алса, басқалары – қызықты сабақтармен немесе сыныптан тыс іс шаралармен, үшіншілері – алдыңғы қатарлы жұмыс технологиялары мен әдістерін ендірудің арқасында алады.

Өз ісінің шебері болу үшін, педагогтың тек теориялық біліммен ғана шектелуіне болмайды, ол өзінің оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оған өз әріптестерімен, сондай ақ оқушылардың жеке тобымен, әр қайсысымен бөлек бөлек тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әдістерді, құралдар мен технологияларды таңдап алуы тиіс.

Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылармен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау барысында өз эмоцияларын басқаруға көмек беретін мимиканы (бет бұлшық етін басқару), ымды (қолды басқару), пантомимиканы (сөзсіз атқарылатын қимылдарды) басқару, өзін-өзі реттеу қабілеті педагогикалық техника болып табылады [57]. Педагогикалық техника да кәсіби шеберліктің құрамдас құрылымы болып табылады.

А.С.Макаренко өз сөзінде, «өз мимикасын басқара алмайтын, өз бетіне қажетті әлпет бере алмайтын, өз көңіл-күйін басқара алмайтын адам жақсы тәрбиеші бола алмайды. Педагог жүре, ойнай, қуана және ренжи алуы керек» деп айтқан [27,72б.].

Техника мен технология – бір-бірімен тығыз байланысты түсінік, мұнда технология – процесс тәртібі, жасалынатын іс-әрекеттердің нақты тәртібі, ал техника – осы процесте алға қойған мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі. Педагогикалық техника дегеніміз педагогикалық шеберліктің маңызды компоненті, оның құрамына көптеген өзара бір-бірімен байланысты элементтер кіреді: актерлік шеберлік, сөйлеу мәдениеті мен техникасы, шешендік сөз, қарым-қатынас процесін басқару шеберлігі [52,71б.].

Мұғалімнің жоғары педагогикалық техниканың деңгейі педагогикалық шеберліктің маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Мұғалім-шебер педагогикалық құралдардың барлық арсеналын меңгере отырып, олардың ішінен жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең үнемді және тиімді әдісін таңдайды.

Педагогикалық техниканың құрамдас элементі – тәрбиешінің өз назары мен оқушылардың назарын басқара алу қабілеттілігінде. Педагог үшін өте маңызды жайт оқушының сыртқы мінез-құлқының белгілеріне назар аудара отырып, оның ішкі сезімін анықтай алу қабілеті болып табылады. Әрбір уақытта тәрбиеленушінің шынайы психологиялық күйін ескеру педагогикалық әдептің негізін құрайды да, педагогикалық қызметте маңызды орын алады.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөлігі – педагогикалық қызмет барысындағы ырғақ сезімі. Педагогтар жіберетін қателіктердің себебінің біріне олардың іс әрекет жасау ырғағын, педагогикалық шешімдерді дұрыс салыстырмау жатады: олар тым асығыс, не болмаса, бөгеледі, ал ол қандай жағдайда болмасын педагогикалық қызметтің тиімділігін төмендетеді



Резюме


Summary

Магистрант_________________ Алтынбекова Ақерке Срайлқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет