Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, педагогтар және мектеп оқушылары!
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп оқушылары мен ата-аналарға қол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу бойынша ақпаратты жеткізуге рұқсат етіңіздер.
Кейінгі уақытта балалардың жолдарда мінез-құлық дағдыларының болмауы, жол қозғалысы ережелерін білмеу және оның салдарынан оларды сақтамау, ересектер тарапынан рұқсат беру, олар көбінесе өздері жол жүру ережелерін елемейтіні байқалады.
Осыған жол бермеу үшін полиция органдары тарапынан балалардың құқықтық санасын арттыруға, жол жүру ережелерін сақтау жолымен жолдарда олардың өзін-өзі сақтау сезімін тәрбиелеуге қатысты іс-шаралар атқаруда.
Және қауіпсіздікті сақтау мен жолдарда балалар жарақаттануының алдын алу бойынша облыс аумағында «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы екі кезеңмен өткізілуде:
- ағымдағы жылғы 27 тамыздан 5 қыркүйекке дейін;
- ағымдағы жылғы 6-30 қыркүйек аралығында.
Сіздерден сұрайтынымыз, жолдарда қырағы болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе, көше қиылыстарын, жолдарды кесіп өткенде сақ болу, жаяу жүргінші өткелдерін қатаң түрде белгіленген орындардан өту керек.
Тағы айтарым, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда электр самокаттарының қозғалысын реттеу бойынша Заңға қол қойды, заң ресми түрде 30 тамыздан бастап, яғни, кешеден бастап қолданысқа енгізілді.
Осы заңға сәйкес:
Электр самокаттардың жүргізушілеріне тыйым салынады:
ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
жолаушыларды тасымалдауға;
жүкті тасымалдауға;
4) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;
5) басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;
6) жолдың жүру бөлігінде жүргізген кезінде түймеленген шлемсіз болуға тыйым салынады.
Он сегіз жасқа толмағандарға электр самокаттарын жүргізуге тыйым салынады:
- электр самокаттарын жүргізуге кез келген санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына арналған жүргізуші куәлігі болуы керек;
Достарыңызбен бөлісу: |