Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді 9-11сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
9- сыныптан құралған «Күш», 10-сыныптан құралған «Заряд», 11-сыныптан құралған«Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырыз.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)
Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)
Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру
Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші
Достарыңызбен бөлісу: |