Атом модельдерін пайдаланып, метан, этан , этилен және этин молекулаларының моделдерін құрастыру
Қажетті құрал-жабдықтар:
түрлі түсті пластилин, шырпы (таяқша немесе сым).
Жұмыстың орындалуы:
Ақ немесе көгілдір түсті пластилиннен үлкендіктерін бірдей етіп сутек атомдарын бейнелейтін кішірек төрт шар дайындаңдар.
Алдыңғы шарлардан үлкенірек етіп қара түсті пластилиннен көміртек атомын бейнелейтін тағы бір шар жасаңдар.
Қара шардың бетіне арақашықтықтары бірдей етіп төрт нүкте белгілеп алып, осы нүктелерге төрт шырпыны кіргізіп, олардың ұштарына төрт кіші шарды орналастырыңдар.
Дәл осындай тәсілмен пропан, этилен, этин(ацетилен) , аммиак, су және сірке қышқылының молекуласының модельдерін жасап, суретін салыңдар.
Моделдерінің суреттері
!!! Суреттерін бейнелегенде көміртек пен көміртек байланыс ұзындығының, көміртек пен сутек байланысының валенттік бұрышының мәнін жазып көрсетіңдер.
Қорытынды
Көміртегі қосылыстар–көміртегіден жасалған химиялық қосылыстар. Кейбір көміртегі қосылыстары тірі ағзалар әсерімен табиғи түрде пайда болса, кейбіреулері жасанды түрде жасалады.Көптеген көміртегі қосылыстарында көміртегі атомдары бір–біріне сақиналар немесе шынжырлар арқылы байланысады.Көміртек атомдары бір-бірімен түзу, тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады. Метан молекуласындағы төрт сутек атомы ортасындағы көміртек атомының айналасында симметриялы орналасады.