Айырша (тимус) без гормондары



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі0,83 Mb.
#196645
  1   2   3
Байланысты:
Айырша (тимус) без гормондары

Айырша (тимус) без гормондары

Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі-бірімен дөнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Айырлы без бала туғанда жақсы жетілген бездердін бірі. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі


Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген.
Дегенм ең соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бұған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретінде де қызмет атқарады. Бұл витаминнің мөлшері бойынша айырлы без екінші орында, бірінші орында — бүйрек үсті бездері.
Тимус-лимфатикалық статус ауруы бала организмінің туа болған құрылыс ерекшелігі. Ондай баланың тимусы мен лимфа ұлпалары үлғайып, жүрегі жетілмеген кішкентай, беті ісік, терісі жұқа, шашы өте жүмсақ болады. Мүндай бала туғаннан кейін қиналып дем алады, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі мүмкін. Егер без онша үлкен болмаса, біраз өмір сүруі мүмкін. Ауру баланың бұлшық еттері нашар, бостау, кеуде қуысының үстіңгі жағы жіңішке болады, реакциясы баяу, сіңір рефлекстері нашар, тез шаршайды. Ондай балада тыныс мүшелерінін ауруы жиі байқалады, қанында лимфоциттері көбейіп, нейтрофилдері азаяды, жиі ентігіп қалады, кей баланың сыртқы жыныс мүшелері нашар дамиды. Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бұл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының үлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.
¥йқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері.
Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма жэне дельта. Соңғы жылдары мүнда Е және X деп белгілеген клеткалар табылды. Бұлардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа жэне бета клеткаларыньщ дамуындағы түрлі кезеңдерде пайда болатын клеткалар деген болжамдар бар. Альфа жэне бета клеткалары инсулин жэне глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет