Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады
Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарымқатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.
• Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.
• Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар қолданып тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:
— оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;
— іскерлік дағдысының дамуы;
— өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
— өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;
— мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
— ойлау белсенділігінің артуы;
— шығармашылық дағдысының қалыптасуы;
— өзіндік пікір айтуы.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.
— мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
— оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
— оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
— оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.
Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: -тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: -көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-«ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: -оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
-сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу
-белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;