АКТ-ны қолданып өткізілген «Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы» тақырыбындағы бейнелеу өнері сабағы
Сабақ ұйымдастырудан, үй тапсырмасын сұраудан басталады (10 минут). Сұрақ-жауап әдісінен кейін презентацияның көмегімен оқушылар берілген 3 тапсырманы интерактивті тақтада орындайды. Оқушылар слайдқа енгізілген сөзжұмбақтарды шешуге қызығушылық танытады, тірек сызбаларды қолдану да оң нәтиже береді.
Жаңа сабақты түсіндіру алдын ала көрнекі материалдарды кірістіріп, әзірленген презентацияның көмегімен іске асады. Өнер мұражайы, оның ашылу тарихы, ондағы 12 зал, олардың атауы жайлы оқушыларға мағлұмат бере отырып, слайдтардың арасында оңай ауысуға болады.
Сабақты өткізу барысында Интернет ресурстарына жүгініп, Ә.Қастеев атындағы ұлттық галереяның сайтын http://www.gmirk.kz аша отырып, сайт құрылымымен, Ұлттық галереяның сайтында орналасқан өнер туындыларымен, олардың авторларымен, көрнекі қазақ суретшілерімен, олардың өмір тарихымен оқушыларды таныстырамын.
Алған білімдерін бекіту үшін «Сиқырлы алтын теңге» ойынын ойнатамын. Қазақ үйдің макетінің ішінен алтын теңгелер алуды оқушыларға тапсырамын. Әр теңгенің өзіндік құны бар. Оқушылар теңгедегі цифрға сай номерлі сұраққа жауап береді.
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы.
Сабақтың ұзақтығы: 45 минут
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды ұлттық галереяның ашылу тарихымен таныстыру. Ондағы өнер шығармаларын көріп, бағалап, қастерлей білуге баулу.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, мультимедиялық проектор, презентация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т.б
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
2. Үй тапсырмасын сұрау: Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алу.
Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуы қай кезде басталды?
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру:
1-тапсырма: «Қазақстан суретшілері» сөзжұмбағын шешкізу
9-сурет. «Суретші» сөзжұмбағы
Сөзжұмбақ жауаптары
Қастеев
Хлудов
Сәрсенбаев
Телжанов
Таңсықбаев
Шегебаев
Нәзіров
2-тапсырма
Анималистік (жануарларды) Портреттік (адам келбеті) Пейзаж (табиғат)
Суретші қандай жанрда сурет салады?
Тарихи Тұрмыстық (күнделікті тұрмыс) Батальдық(соғыс)
3-тапсырма
Кескіндеме (майлы бояу. салу) Графика(карандаш, тушь) Сәулет өнері
Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
Мүсін өнері Сәндік қолданбалы өнер Дизайн өнері
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын қою. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы. Бүгін біз сендермен ұлттық галереяның ашылу тарихымен танысып, ондағы өнер шығармаларын туралы мағлұмат аламыз.
5. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақстан көркемсурет галереясы 1935 жылы Алматыда суретшілер көрмесін ашу негізінде құрылды. Галереяға суретші Т.Г.Шевченко есімі берілді.
Галерея 1976 жылдан бастап мемлекеттік өнер мұражайы болып қайта құрылды. Оған қазақ халқының кескіндемеші суретші ұлы Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Өнер мұражайында шығармалары тұрған суретшілер
1. Әбілхан Қастеев
2. Молдахмет Кенбаев
3. Ағайынды Қожықовтар
4. Айша Ғалымбаева
5. Қанапия Тельжанов
6. Сақи Романов
7. Гульфайруз Ысмайылова және т.б.
6. Жаңа сабақты бекіту: Бүгін сендер өнер мұражайы жайлы мағлұмат алдыңдар. Өнер мұражайында жалпы саны 12 зал бар. Оның 6 бөлмесінде кескіндеме өнерінің туындылары орын алған. Қазақстан Республикасының халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындылары жеке бір бөлмеге қойылған.
1-6 залдарға кескіндеме өнерінің туындылары қойылған
7-залға Қазақстан Республикасының халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындылары қойылған
8-залға мүсіндеу өнерінің туындылары қойылған
9-залға сәндік қолданбалы өнер туындылары қойылған
10-залға зергерлік өнер туындылары қойылған
11-залға графика өнерінің туындылары қойылған
12-залға қазақ қолөнері туындылары қойылған
Достарыңызбен бөлісу: |