Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп ММ
2015-2016 оқу жылынында «Тәрбие жүйесін бақылау арқылы жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелей отырып дамыту» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Оқу жылының басында 2014-2015оқу жылында атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2015-2016 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.
Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Мектеп кешенді тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолында, бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау мақсатында 12 бағытта жұмыс жасайды:
1.Азаматтық- патриоттық тәрбие – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу.
2. Құқықтық тәрбие– тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез – құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеу.
3. Ақыл – ой тәрбиесі (интеллектуалдық) – тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамыту, көптілді, функционалды және ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.
4.Рухани – адамгершілік тәрбие – адамгершілік және этикалық құндылықтар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят сынды қасиеттерді тәрбиелеу.
5. Ұлттық тәрбие (елжандылық) – өз ұлтының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын тасымалдаушы, басқа ұлттардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу.
6. Отбасы тәрбиесі – отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін тәрбиелеп, ата – аналармен ынтымақтастық қарым – қатынас құру.
7. Экономикалық тәрбие – инновациялық экономика талаптарына жауап беретін экономикалық сана қалыптастыру, қаржы – құқықтық мәселелер бойынша хабардар адамды тәрбиелеу.
8. Еңбек және кәсіби тәрбие – еңбекке деген жауапкершілік қатынасты қалыптастырып, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытып, еңбек мәдениетін тәрбиелеу.
9. Эстетикалық тәрбие – эстетикалық сана, талғам, сезім және көркем – эстетикалық қабілет тәрбиесі.
10. Экологиялық тәрбие – табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, табиғатпен араласуды, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына Отанға деген қатынасты тәрбиелеу.
11. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салуатты өмір салтын дамыту.
12. Діни экстремизм, терроризм, суицидтің алдын – алу – аталған бағыттардың алдын – алу бойынша сынып оқушыларымен, ата – аналарымен жан – жақты жұмыстар жүргізу.
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды. Атап айтсақ, жыл басын
Білім күніне орай «Сәлем, саған мектебім» атты салтанатты жиынмен бастап, 1-4 сыныптар арасында «Менің Отаным-Қазақстан», 5-8 сыныптар арасында «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбында сынып сағаты өтсе, 9-11 сыныптар арасында Мәңгілік ел «Бір ел-бір тағдыр» бейбітшілік пен келісім сабағы өтті. Сынып сағаттарына мұғалімдер мен ата-аналар да қатысты. 20.08-30.09 аралығында мектепке жол республикалық акцияға сәйкес «Жақсылық жасауға асығайық!» атты үндеумен қайырымдылық шарасына демеушілік көрсеткен жомарт жандар да болды. Олар Шаханова А., Аппасова Г.К., Куракпаев А.Ж. жиналған қаражатқа аз қамтылған отбасы болмағандықтан көпбалалы отбасының балаларына оқу құралдары, киім берілді. Мектеп тәлімгері Д.Ж.Акпарованың ұйымдастыруымен «Еліміздің болашағы жастыр қолында» «Жасұлан» балалар мен «Жасөспірімдер» ұйымының жоспарын құрып, отырысы болды. Жас сақшылар мүшелерін тағайындады. Жас жол инспекторы Б.А.Балгожина инспектордың жұмыс жоспарын құрып, жас жол инспекторларын сайлады. Қыркүйек айының 2-7 аралығында «Денсаулық фестивалі-2015» оқушылыр арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау және жаппай спортпен айналысуды жетілдіру мақсатында «Белсенді өмір-жүз жастық ұзақ ғұмыр!» ұранымен апталық өтті. Апталық барысында «Физикалық белсенділік» тақырыбында 3-11 сыныптар арасында диктанттар жазылып қорытындыс шығарылды. Еліміздің спортшылар жетістіктерінен көрме ұйымдастырылып, видеороликтар көрсетілді. «Салауатты өмір салтын ұстан» атты тақырыбында мектеп медбикесінің дайындауымен баяндама оқылды. Г.И.Тулеулинаның ұйымдастыруымен «Мен және спорт» тақырыбында сурет байқауы өтілдіп, қорытындысы шығарылды. «Менің таңдауым салауатты өмір салты» тақырыбында барлық сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. «Менің байлығым-менің отбасым» атты тақырыпта 5 қыркүйек күні спорт киімімен жиналған барлық қауым жаттығу жасап флешмоб биледі. Содан кейін 1-4 сыныптар арасында эстафеталық сайыстар болса, 5-8 сыныптар арасында футбол ойындары ойнатылды. 9-11 сыныптар және ата-аналар мен мұғалімдер арасында волейболдан сайыс өтті. Апталықтың соңында жүлделі орынға ие болғандар марапатталды. Бастауыш сынып және гуманитарлық пәндер бірлестігінің өткізуімен тілдер мерекесіне орай «Тіл ұлттын жаны » атты онкүндіктің жоспары құрылып, бекітілді. Кітапханашы Д.Ж.Акпарова 5-11 сыныптар арасында ұйымдастыруымен «Тіл ұлт тірегі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Жалпы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
11 қыркүйек күні «Қазақ хандығына 550 жыл» толуына орай 2-11 сыныптар арасында сынып жетекшілердің өткізілуімен сынып сағаттары болды. 1-сынып ата-аналарына арнап мектеп психологы А.Р.Балгожина және тәрбие ісінің меңгерушісі Г.А.Куракпаеваның ұйымдыстыруымен Отбасы күніне орай конференция болды. Оған 11 ата-ана қатысты. Қоғамдық инспектор Г.И.Тулеулина құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында жоспар құрып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.А.Куракпаева және мектеп тәлімгері Д.Ж.Акпарованың ұйымдастыруымен ұстаздар күні қарсаңында 21.10-3.10 аралығында «Менің алғашқы ұстазым» атты тақырыпта онкүндіктің жоспары құрылып жоспарымен таныстырылды. «Менің алғашқы ұстазым!» тақырыбында сурет байқауы, «Алғашқы ұстазды құттықта!» буклет жасау, шығарма, ән байқаулары болды. «Ардагер ұстаздарды құттықта» тақырыбында фотоальбом жасалып, «Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін!» құттықтау хат таратылып, қабырға газетін шығару жұмыстары жүргізілді. 2 қазан ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет» атты тақырыпта концерттік бағдарлама өткізді. 3 қазан күні өзін-өзі басқару күні болды.
Қарттар күніне орай «Асыл жанды, ардақты, қарттарым-ай» атты мерекелік іс шара болып өтті. Бұл мерекеге ауылымыздың зейнеткерлері шақырылып мұғалімдердің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама болды.
Діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараға байланысты мектеп психологы сыныптан тыс сағатын өткізді.
24 қазан күні 5-10 сыныптар арасында Тулеулина Г.И., Балгожина А.Р., Балгожина Б.А. ұйымдастыруымен «Алтын күз» сайысы болып өтті. 27 қазан күні 2-4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері Р.С.Аппасова Г.Б.Кумекбаева және мектеп тәлімгері Д.Ж.Акпарованың ұйымдастыруымен «Күз кереметі» атты тақырыпта көкөніс, жемітерден көрме ұйымдастырды. 2 қараша күні мектепалды даярлық сыныбында «Алтын күз сыйы» атты тақырыпта ертеңгілік болды. Мектеп оқушылары Родина елді мекенінде аудан көлемінде өтілетін спорттық жарыстарға қатысты. ЭКСПО-2017 «Мен үшін үлкен үміт» атты тақырыпта 2-11 сыныптар арасында сынып сағаттары болды. Оған барлық оқушылар қатысты.
31.11.2015ж. Мектеп медбикесімен мектеп психологының өткізуімен 7-11 сынып оқушыларына кәмелт жасқа толмағандар арасында жүктіліктің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
2 қараша күні «Көшеде абай бол!» тақырыбында жас жол инспекторы Б.А.Балгожинаның ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаты өткізілді. Күзгі демалыста өткізілетін іс-шараның жоспары бекітілді.
Күзгі демалысқа байланысты жасалған жоспар бойынша 1-11 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Қарашаның 17 күні мектеп кітапханашысы Д.Ж.Акпарова «Мен және менің болашағым» атты тақырыпта оқырман конференциясын өткізді. 14-қараша күні 6-11 сынып арасында «Жасөсперімдер гигиенасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 24-қараша күні 10-сынып жетекшісі И.А.Капышев «Ішімдік ішудің зияны» атты тақырыпта ашық сынып сағатын өткізді. Бастауыш сынып жетекшілері «Сөйлесу этикасындағы «сіз» бен «біз» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Ж.Ш. Сүлейменова 9-11 сынып оқушыларымен «Қоғам және дің» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізді. 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай барлық сыныптарда ашық сынып сағаттары болды. Желтоқсанның 8 күні 7-11 сынып оқушылары арасында дене тәрбиесінің спорттық жарыстар болды. Дүние жүзілік СПИД-ке қарсы күреске байланысты жоспар құрылып, жоспар бойынша 5-11 сыныптарда сыныптан тыс жұмыстар өтті. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға байланысты жоспар құрылып, сынып сағаттары өтті. 15.12 күні «Тәуелсіздік-қазақ елінің шежіресі» атты тақырыпта концерттік бағдарлама болды және «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына балалар салтанатты түрде қабылданды. Тарих және құқық пәнінің мұғалімі С.У.Тастембекованың ұйымдастыруымен 10-желтоқсан Адам құқығы күніне орай 7-8 сыныпта «Менің құқығым» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Жаңа жылдық мерекеге байланысты ата-аналар комитетінің және сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы болды. 28.12 күні 10.00-13.00-ге дейін 1-4 сыныптар арасында «Кел Жаңа Жыл, Жаңа Жыл» атты тақырыпта ертеңгілік болды. Сағат 14.00-ден-17.00-ге дейін мектепалды даярлық сыныбы және мектеп жасына дейінгі балаларға арасынды «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты тақырыпта ертеңгілік болды. 29.12 күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 5-6 сыныптарда «Қош келдің Жаңа жыл» атты тақырыпта ертеңгілік өтті. Сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін 7-11 сыныптар арасында «Сиқырлы Жаңа жыл» атты тақырыпта жаңа жылдық кеш өтті.
Кезекшілік кестесі құрылып, рейд ұйымдастырылды.
Күн сайын оқушылардың сабаққа қатысуы қадағаланып отырады. Қыркүйек, қазан айларында сенбілік жұмыстары болды. Сынып бөлмелерінде кезекші өз міндеттерін атқарады. Оқушылар еден жумайды. Әр сенбі күні тазалық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың күнделіктері тексеріліп отырады. Кесте бойынша сынып сағаттары уақытымен өтіледі. Барлық оқушылар тамақтанады.
Өтілген іс-шаралар газет бетіне шығады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Куракпаева Г.А.
Достарыңызбен бөлісу: |