Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі



Дата13.12.2016
өлшемі67,32 Kb.
#3728
Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сарыағаш ауданы

№118 Т.Бигелдинов атындағы

жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Сапаралиева Кенжегул Ташкенбаевна
АНА ТІЛІ ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ

ОҚЫТУДЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» атты өз дәрісінде «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасын ұсынды. Оның негізінде үш аспект жатыр. Ол – Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс, ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру мен инновация жүйесін дамыту.

Осы ретте, құзіреттілігі мен интеллектуалдық мәдениеті дамыған, шаршы топтың алдында өз ойын анық, дәл жеткізуге дағдыланған, тыңдаушысын иландыра білетін тұлға тәрбиелеуде интербелсенді оқытудың білім беруде мүмкіндіктері орасан зор.

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар дүниге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын пайда болуы алдымен жете меңгеріп, онан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларын дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты оларды өзгермелі өмірде алаңдамай, еркін өмір сүруге бағыттау, білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеуде, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай туғызу интербелсенді оқыту әдісінің алатын орны ерекше.

Интербелсенді әдіспен оқытылатын сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назардан тыс шығармауға және оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойындағы білім, дағды және құндықы жүйесін қалыптастыру. Интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқытуда оқушылар еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Сабақ оқушылар үшін қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды.

Интербелсенді оқыту әдісі – оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Интербелсенді оқытудың тиімділігі оқушы өзбетінше немесе мұғалімнің көмегімен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Интербелсенді оқыту сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін: оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызба нұсқалар, суреттер, технологиялық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады. Интербелсенді оқыту сабақтарында тасырманы орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әртүрлі бақылаулар қолданылады. Олар: өзін-өзі тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. осылар арқылы білім олқылықтары, материалды игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз қабілетінше білім алады.

Интербелсенді оқытуда ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып, оқу мазмұнын жіктеп меңгереді. Сабақ үдерісіне интербелсенді оқытуды біртіндеп енгізген дұрыс. Оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы: жеке, жұптасып немесе топтасып жұмыс істеу арқылы оқытудың сапасын, тиімділігін арттыруға болады.

Интербелсенді оқыту сабағын әзірлеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, тиісті бағдарламаны құрастыру керек. Содан соң мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақыттты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін іріктелген мақсаттары айқындалады.

Оқу қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқыту кезеңінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты тиімді екені кейбір тәжірибелерде көрсетілген.

Интербелсенді оқыту ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімдерге қосымша сағат беріледі, қалған уақыт сөйлесу бөліміне тиісті. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу кезеңінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.

Сонан соң мұғалім осы оқу кезеңінің қалған уақытында есептелген оқу материалын, қысқаша сызба, кесте және т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым бірлікпен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қолдану, сөйлесу бөлімі сабақтарында тексеруге болады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білікпен дағды қалыптастыру мақсатында, кейінен алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Сондықтан мемлекеттік стандарт талаптарына сай үш дейгейлік тапсырмалар беріледі. Оқу кезеңінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі – оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолданып оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып жұмыс істеуі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру барысы бойынша әр оқушы өзінің қалай, немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады. Оқу кезеңінің сөйлесу бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға ерекше ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыстарда көз жеткізілген. Оқу кезеңінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көзқарастарды пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде мәтіндік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу кезеңінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Сонымен, интербелсенді оқыту технологиясында оқушылардың ойлау деңгейін дамытуға баса көңіл аударылады. Бұл әдісте:


  • оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

- танымдық үдерістерді дамытуға;

- белсенді әрекет етуге;

- оқуға деген талпынысты қалыптастыруға және т.б. ықпал етеді.

Сонымен интербелсенді оқыту білім үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым –қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін – бірі құптау, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым – қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.

Интербелсенді оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен роблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.



Интербелсенді оқыту әдісін қолдануда ойындардың түрлері өте көп және өтілген әр сабақ бойынша шығармашылық тапсырмаларды беріп отыру оқу материалын баланың тез игеруіне, өзі сабаққа белсенді түрде қатысуына әкеледі. Бастауыш сыныпта бала әлі де ойын баласы, сондықтан мұндай сабақтар баланы қызықтырады. 2-сыныптың ана тілі пәні бойынша өтілетін кейбір тақырыптарына берілетін шығармашылық тапсырмаларға мысалдар келтіретін болсақ: «Қазақ тілі» (М.Мақатаев) тапсырма: «Қасиетті тіл», «ана тілі», «туған тілім» деген сөздерді қатыстырып, өлең шығар немесе шығарма жаз. «Халқым, тілім, Отаным» сөздерін қатыстырып мәтін құрастыр. «Қазақстан» (Қ.Жұмағалиев) тапсырма: Ержеткенде елің үшін не істейтінінің жөнінде айтып бер. «Қазақстан» сөзінің алдына қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді қойып айт. «Айналдым Отаным!» (С.Асанов) тапсырма: Күннің суретін сал. Отаның саған қандай жақсылықтар жасады? (Мектеп, отбасы, т.б.) Әрбір жақсылықты күннің сәулесі етіп сал және әңгімеле. «Көңілді ғарыш әткеншегі» (М.Солтанғазина) тапсырма: «Ғарышқа саяхат» деген таққырыпта әңгіме немесе ертегі құрастыр. «Еңбектің бәрі мамандық» (Н.Айтов) тапсырма: Ата-анаңның мамандықтары туралы әңгімелеп бер. Халыққа өзің қалай пайда келтіретініңді әңгімеле. «Мен ғарышкер боламын» (Ж.Смақов) тапсырма: Ғарышкер, ғалым болу үшін не істеу керек? Қазақстан ғарышкерлері туралы материалдар жина. «Жер ана» (Ж.Ақылбайұлы) тапсырма: Жерді неге батырға теңейді? Жер-Ананы қорғауға қандай үлес қосар едің? Жер анаға хат жаз. «Наурыз» (О.Асқар) тапсырма: Наурыз мерекесіне арнап бата құрастыр. «Ауа, су, күн – адамның досы» (М.Шомбалұлы) тапсырма: Ауа, күн, судың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы әңгімеле. Ауа, күн, суға хат жаз.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Аяғанова А. Жаңа технология – сабақта. «Бастауыш мектеп», 2003ж., №4.

  3. Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілі бөлімдерінде модульмен оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. Алматы, 2000.

  4. Садыков Ж. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында дамыта оқыту техологиясын қолдану. //халықаралық ғылыми-әдістемелік конфересінің еңбектер жинағы, Шымкент, 2006ж.

  5. Иманбекова Б.И., Мадиева А.Т. Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. Алматы кітап баспасы 2009ж

Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту
makala -> Смайлова жанар егенқызы баяндама: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет