Балықтарды ұстауға шыныдан жасалған аквариумның пайдалы жағы да бар.
Оның мәнісі-шыны аквариумға балықтың уылдырықты жақсы шашатындығында.
Аквариумды сатып алуға да,қолдан жасауға да болады.Аквариумды көбінесе терезе алдына қояды.Бұл онша қолайлы емес.Оны өткінші жарық сәулесінде қарауға тура келеді.Сондықтан да көптеген балықтардың сыртқы түсі өзгеріп кетеді.Күн жақтағы терезе алдына қойылған аквариумның әйнектеріне ұсақ балдырлар көп өсіп кетеді.
Судың физикалық-химиялық құрамы
Жер шарының алуан бөлігінен әкелінген балықтар аквариумда ұсталады.Географиялық орнына,жыл маусымына және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай,табиғи су қоймаларының бір-бірінен айырмашылықтары болады:балықтар әр түрлі жағдайда тіршілік етеді.Балықтарды өсіргенде,әсіресе көбейткенде осы жағдайларды есте ұстаған жөн.
Топырақ
Өсімдік өзіне керекті қоректік заттарының көпшілігін тамыры арқылы топырақтан алатын болғандықтан,аквариум топырағында өсімдіктің қоректік заттары болуы қажет.Аквариумға пайдалануға болатын ең жақсы «топырақ»-өзен құмы.
Өсімдіктердің бір қалыпты өсуі үшін топырақтың қалыңдығы 5 см-ден кем болмауы керек.
Аквариум күтімі
Аквариумдағы судың температурасы 18 градустан төмен түспеуі керек.Температура шамадан тыс төмендеп кетсе,әдетте балықтар ауырады,тіпті өліп те қалады.Кейбір балықтар үшін судың температурасы 25-26 градус болғаны жөн.Уылдырық шашатын уақытта температураны қалыпты күйінен 2-4 градус жоғарылатады.