12.11.2020
6-тақырып: Практикалык тапсырма
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті жеке тұлғалық технологиясы
Сабақтың қысқаша сипаттамасы: Студенттер «Оқы. Талда. Пікір алмас» әдісі арқылы Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті жеке тұлғалық технологиясы жайлы қысқаша мәліметті оқып, талқылайды. Қазіргі білім берудің жаңартылған формасындағы бағалау түрін қолданып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Жоспар:
1. Шағын теориялық материалмен танысу;
2. Жеке тұлғаның танымын дамыту бағытында жұмыстар жүргізу;
3. Жаңартылған білім беру жүйесінің бағалау түрін қолдану, талқылау.
1. Шағын теориялық материалмен танысу.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында балалардың іс-әрекетін бағалау ерекше рөлге ие. Бағаларды қолдану өте шектелген, өйткені бағалар – бұл «асқақ педагогиканың балдақтары»; сандық бағалаудың орнына – сапалық бағалау; сипаттама, нәтижелер пакеті, өзіне-өзі талдау жасауға үйрету, өзін-өзі бағалау.
Сабақ – балалар өмірінің (оқыту процесінің ғана емес) жетекші формасы, ол балалардың бүкіл спонтандық, ұйымдастырылған өмірін қамтиды. Сабақ – күн, қуаныш, достық, шығармашылық, еңбек, ойын, кездесу, өмір.
Баланың жеке тұлғасының аталған білімдері мен іскерліктері арнайы мазмұнның, әдістер мен әдістемелік тәсілдердің үлкен көлемінің көмегімен қалыптастырылады, оларды белгілі топтарға біріктіруге болады:
тәрбиелеудің ізгіліктілігі: балаларға сүйіспеншілік өнері, балалық бақыт, таңдау еркіндігі, қуана білуі.
жеке тәсіл: жеке тұлғаны зерттеу, қасиеттерді дамыту, өзіне ену, табыс педагогикасы.
жеке тұлғалық тәсіл: мұғалімнің, тәрбиешінің өсиеттері, шебердің міндеттері.
қарым-қатынас шеберлігі: заңдылығы, ашықтық, оның ұлылығы – «сұрақ», романтика атмосферасы.
сабақ культы: сабақ оқытушы мен оқушылардың бірлігінің шыңына жетеді; сабақ – балалар өмірінің (тек оқыту үрдісі ғана емес) жетекші формасы.
Балалардың қызметін бағалау: бағаларды өте шектеулі қолдану, өйткені бағалар – бұл «асқақ педагогиканың балдақтары»; сандық бағалаудың орнына – сапалық бағалау; сипаттама, нәтижелер пакеті, өзіне-өзі талдау жасауға үйрету, өзін-өзі бағалау.
жанұялық педагогика қоры: ата-аналық сенбіліктер, геронтогогика, ата-аналар культы.
Ш.А.Амонашвили өсиеттері:
1. Гуманистік қоғамда тәрбие тек гуманистік бола алады. Мұндай тәрбиенің негізгі қағидасы – баланы тәрбие үрдісіне қалыптастыру. Оны өзін тәрбиелеуде бізге ерікті көмекші ету.
2. Қарым-қатынас – адамдар өмірінің мәні. Гумантистік тәрбиенің басты әдісі – балаларға бізбен қарым-қатынас жасау қуаныш сезімін: бірге тану, бірлексен еңбек, ойын, демалу қуанышын жеткізу.
3. Әдеттегі күнделікті өмір және ересектердің өзара қарым-қатынасының сипаты – болашақ адамының жеке тұлғасы қалыптасатын орта. Сондықтан біздің күнделікті өміріміз бір-бірімізбен қарым-қатынасының біз ұмтылатын идеяға сәйкес келуі керек.
4. Адамның адамға, өзіндік өмірлік көзөарастарына сенуі – бұл адамдар арасында толыққанды қарым-қатынас жасаудың жіне жеке тұлғаны дамытудығ алғашқы негізі. Сондықтан біз баланың бойындағы бізге деген сенімін, өзінің тәрбиешілеріне деген сенімді, өзінің жақтастарына деген сенімді, адамдарға деген сенімді, өзіне өзінің сенуін дамытуымыз және сақтауымыз қажет.
2. Жеке тұлғаның танымын дамыту бағытында жұмыстар түрлері.
2. Студенттер бес топқа бөлінеді. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.
1-топқа дуэт сабақ түрін көрсетуге тапсырма беріледі.
2-топқа трио сабақ түрін көрсетуге тапсырма беріледі.
3-топқа әдеби-монтаж сабақ түрін көрсетуге тапсырма беріледі.
4-топқа брифинг сабақ түрін көрсетуге тапсырма беріледі.
5-топқа сот сабақ түрін көрсетуге тапсырма беріледі.
3. Сабақ түрлерін талдай отырып, «сабақ» деген сөзге анықтама береді. Ш.А.Амонашвилидің «сабақ» деген сөзге берген анықтамаларымен салыстырады.
3. Жаңартылған білім беру жүйесінің бағалау түрін қолдану, талқылау.
4. Жаңартылған білім беру жүйесіндегі бағалау түрлеріне тоқтала келіп, сабақтарды формативті баға түрімен бағалайды.
5. Жаңартылған білім беру жүйесінде қолданылып жүрген баға (формативті, суммативті баға) түрлеріне талдау жасап, өз ойларын білдіреді.
Әдебиеттер:
1.Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары. – Астана: Фолиант, 2015 жыл.
Тапсырма
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті жеке тұлғалық технологиясының ерекшеліктеріне мысалдар дайынданыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |