Қалалық ата-аналар жиналысы
«2017 жылдың ҰБТ жаңа форматы туралы»
16.02.2017г
Құрметті ата - аналар!
2017 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы енгізіледі.
Ұлттық біріңғай тестілеу екі кезеңде өтеді:
Қорытынды аттестестаттау мектепті бітіру емтиханы формасында (орта білім туралы аттестат және “Алтын белгі” алу үшін);
Жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік грантты бөлу формасында.
Қорытынды аттестаттау емтихан
Мектепте қорытынды аттестаттау емтихан формасында 5 пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша 1 таңдау пәнінен өтеді (ҚГБ және ЖМБ) . Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектеп базасында өтеді.
Емтихандар тізбесі және формасы:
Ана тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан эссе формасында (мектептің оқыту тілі). Эссе жазуға 3 астрономиялық сағат беріледі. Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды.
Алгебра және талдау бастамалары пәнінен 5 тапсырмадан тұратын жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған.
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақ болады. Екі сұрақ теориялық, үшінші сұрақ-шығармашылық сипатта (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер т.б.пайдалану).
Орыс тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл); Тестің сұрақтары 3 блоктан турады:
-Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау ;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы(2 мәтін, 200-250 сөзден);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөзден).
Таңдау 1 пәнінен тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі, информатика пәндерінің біреуін таңдайды) 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді.
Емтиханда қойылған бағамен келіспеген жағдайда, мектеп бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен белгіленеді (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындау және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.
Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.
Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.
Жоғарғы оқу орындарының барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады (пунктар ШҚМТУ және ШҚМУ орналасқан).
ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.
Қала бойынша жаңа форматтағы ҰБТ даярлықтықтың барысы бойынша
Мектеп бітірушілерді 2017 жылы ҰБТ жаңа форматы бойынша сапалы даярлау мақсатында оқу бөлімі арқылы нақты жұмыстар жүргізілді: пәндер бойынша білім сапасына терең талдауға тұрақты мониторинг жүргізіліп үздік мұғалімдердің іс-тәжірибелері таратылды.
Каникул мерзімінде «Алтын Белгі», үздік аттестат үміткерлері үшін «Кіші Академия» ұйымдастырылды. Мектеп бітірушілер жаңа тесттік тапсырмалардың құрылымымен таныса отыра, қиындығы жоғары есептерді және логикалық тапсымаларды орындаумен қатар, эссе жазуға дағдыланды.Оқушылармен жұмыс жасауға тәжірибесі мол, іскер қала мектептерінің мұғалімдері тартылды.
Бұл жұмыстар оқушылардың алдағы қорытынды аттестацияға өз даярлықтарын жүйелеуге, жоспарлауға үлкен ықпал жасайды.
Бүгінгі күнге қала бойынша «Алтын Белгі» -94, үздік аттестатқа үміткер -55 оқушы ұсынылып отыр.
Қалалық білім бөлімі басшысы М.Ахметовның тапсырмасымен әр апта сайын «Алтын Белгі», үздік аттестатқа үміткер оқушылармен жекелей кеңес беру топтары қала мектептері арасында тұрақты жұмыс жасап келеді. Қала мектептерінің бәрінде кеңес беру пунктері жұмыс жасайды.
Қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері шығармашылық тобы арқылы оқушыларды алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтиханға даярлаудың әдістемелік ұсыныстары даярланды. Материал мұғалімдер мен оқушылардың қолданысы үшін оқу бөлімі сайтына орналастырылған.
№ 3, 16, 20, 38, 44 мектептерінің математика, физика, биология, география, химия пәндері мұғалімдері арқылы onlin режимінде ҰБТ даярлау бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Ата-ана мен оқушыларға ҰБТ жаңа форматы бойынша түсіндірме жүргізу жаднамалар әзірлеумен, тренингтер арқылы өзін-өзі реттеуіне арналған оқушылар арасында психологиялық қызмет жұмысы жалғасуда.
«Достық» білім беру орталығымен қалалық оқу бөлімі арқылы байланыс орныққан. Орталық арқылы даярлық курстарына оқушылар тартылған және жаңа формат бойынша тестілеуден байқау сынақтарына қатысып келеді.
Жаңа форматтағы тест үлгілерін шешуге дағдыландыру және өз мүмкіндіктерін пайдалану мен 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға психологиялық тұрғыда бейімдеу мақсатында, шектелген уақыт аралығында жауап парақтарымен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландыру үшін 25 желтоқсан 2016 жылы ШҚМТУ, ШҚМУ ҰБТ-ны өткізу пунктерінде оқушылар үшін арнайы тесттілеу ұйымдастырылды.
2017 жылдан қала мектептері «Bilimland» порталына тіркелді: портал арқылы «iTest» мектеп бітірушілер ҰБТ бағдарламасымен вертуальды даярлық жасай отыра, Onlein режимінде кез келген уақытта тестілеуден өте отыра, өзінің білімін тексере алады.
ШҚМТУ, ШҚМУ жанындағы тесттілеу орталықтары арқылы алынған байқау тест сынақтарының қорытындысына, 11 сынып мектеп бітірушілердің білім сапасына оқу бөлімі тарапынан мониторинг жүргізіледі және рейтинг қорытындысы мектептерге мерзімді ұсынылады.
11 сынып мектеп бітірушілердің қорытынды аттестацияға даярлық барысы қалалық оқу бөлімі тарапынан үнемі бақылауда.
Құрметті ата-ана!
Емтихан мерзіміндегі ана-ананың негізгі міндеті-баланың даярлық жасауына қолайлы жағдай жасау. Мадақтау, көмек жасау үлкендер тарапынан болатын әрбір ісіне қолдау жасау- баланың сенімділігін арттырады және жетістікке жетуіне жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |