Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. «Тәуелсіздік жылдарында алаштанушы-тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һәм Алашорда»



Дата07.02.2022
өлшемі16,25 Kb.
#82531
түріМонография
Байланысты:
Алаш әскерінің құрылуы 1
Силлабус. ҚҚЗТ 2021-2022уч.год.Досекеева К.А., Батхолдин К.С.22.06. (1)-1, РК 2 (1)

  1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары.

«Тәуелсіздік жылдарында алаштанушы-тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һәм Алашорда», Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиялық зерттеулері, дәл осы тақырыпта 4 томдық және 3 томдық құжаттар мен материалдар жинақтары, сондай-ақ әдебиет шығармалары жарық көрді. Бұл еңбектер атына заты сай алаштың өзекті мәселелерін зерттеуге негіз болатын құнды шығармалар. Солардың ішінде Алаш әскерінің тарихы бар.
Кезінде советтік тарихнама идеологиялық аппараттың тапсырысы бойынша
Алашорда Алаш әскерін Совет үкіметімен күресу үшін құрды деген тұжырым жасап, осы ойды орнықтыруға тырысты.Ия,рас, Алашорда үкіметі Алаш әскерін құруға біраз күш салды.Дегенмен,бұл арада басымдылықты тура атаған жөн болмақ.Алашорда Алаш әскерін Орталық өкіметтен күш кетіп,бүкіл империя көлемінде берекесіздік орнап, орыс қоғамы ақ және қызылға бөлініп,өзара соғысып кеткен соң,қорғансыз қалған қазақ ауылдарын,қоғамын талан-тараждан,ақгвардияшыл мен қызыл әскердің қазақтың малы мен жанын талауынан сақтау үшін құруға тырысқан болатын.
Негізгі мақсаты осы еді.
«Қазақ» газеті 1917жылғы 31 желтоқсандағы санында «Тығыз жұмыстар» аталатын мақала жариялап,онда «осындай бүліншілік заманда басымызды қорғауға пайдасы болар деп іргемізді бөлек салу үшін иғлан етіліп отырған автаномия» екендігін айтып,оның бірінші кезекте атқарылуға тиіс жұмыстарын атап,олар Алашорданың жергілікті басқару мекемелерін ұйымдастыру,ал жергілікті басқару мекемелерінің алдымен қолға алатын ісі салық жүйесін қалыптастырып,қаржы жинау болмақ екендігін айтты.Ал жиналған қаржы ең алдымен тез арада әскер жасақтау үшін қажет.
Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ съезінде «мемлекет халі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бәледен сақтану үшін халық әскерін жасау керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ милициясын құру жоспары жасалып, бекітілді».
Бұл мәселелерді «Қазақ» газеті арқылы жеткізуге көп еңбек сіңірген М.Дулатов болатын.Ол ІІ жалпықазақ съезінде сөз сөйлеген кезде
«Сөз байлауы сол,әскеріміз болмаса,қазынамыз болмаса біз автономия ала алмайыз.Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ,жауап біреу-ақ:
-Әскеріміз болса ғана жұрт боламыз.» деп сөзін аяқтаған болатын.
Жалпы Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Алаш әскерінің азамат соғысы жылдарындағы іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал).
Жетісудағы Алаш полкінің тарихы да барлық өңірлердегідей милиция жасақтарын құрудан басталды.1918 жылы Верный қаласындағы алғашқы Жетісу облыстық қазақ съезінде милиция жасақтарын құру туралы мәселе қаралды.Алашордалық милицияларды құру И.Жайнақовқа,О.Әлжановқа және сатылғановқа тапсырылды.Әлжанов Лепсі уездік комиссардың орынбасары ретінде уездік милиция құру үшін Шкапскийден ресми түрде қаражат бөлуін сұрайды.М.Дулатовпен естелігінде Шкапский қазынадан 500.000 бөлінгенін,оны Әлжанов Лепсі уездік қазынасына тапсырып,оны кейін большевиктер ұрлап кеткенін айтады.Сол себептіде Жетісу бөлімшесінде қазақ әскерлеріне қару жарақ,киім-кешек жетіспегендіктен құрамында 300 әскері бар Алаш әскері Мамонтов басқарған жасағымен тікелей соғысқа шықпаған және Мақаншы мен Бақты жаққа шегінген.
Жалпы бұл әскери бөлімшенің әскери жағынан мықты болмауының тағы бір себебі жасаққа жас гимназистер мен орыс тілін білетін мұғалімдер тартылған, бірақ әскери нұсқаушылар болмаған.Әлжанов Бақтыға келген соң,онда жергілікті қазақтардың қолдауымен жауынгерлік дайындықтан өткен.
1918 жылдың басында Семей қаласында 200-ден астам адамнан тұратын Алаш милициясы құрылды. Нұсқаушылар болып есаул Машинский бастаған жергілікті қазақтар тағайындалды.Алаш әскері ақ гвардияшылар сияқты астыртын жұмыс жасады.

Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет