Алдымен таныстықтан бастайық. Мұның өзін қызықты сауыққа айналдыруға болады. Екі тәсілін ұсынайық:
– Отырғандар алдымен өз атын айтып, содан соң жанындағы жанға мадақ сөз айтады. Тізбек осылай соңына дейін жалғаса береді.
Мысалы: Менің есімім – Кербез, (оң жағында отырған) Маржан – нәзік қыз.
Келесі қастысушы: Менің есімім – Маржан (оң жағында), Азамат – салмақты жігіт.
– Бірінші адам өз есімін және есімінің бас әрпінен басталатын өзіне тән сын есім айтады, жанындағы адам көршісінің айтқанын қайталап және өз атын айтады.
Мысалы: Мен – Ермекпін, Ермек – ержүрек.
Келесі адам: Ермек – ержүрек. Мен – Әлимамын, Әлима – әдемі.
Үшінші адам: Әлима – әдемі. Мен – Ғарифолламын, Ғарифолла – Ғажап. Осылай жалғаса береді.
Одан соң қатысушыларға қалта толы кәмпит (не басқа да тәтті) беріңіз. Біреуі барлығына үлестіріп шыға ма, өздері бөліп ала ма – оны еріктері білсін. Тек басты шарты: тәтті ешкімге жетпей қалмауы керек және қалтаны босату қажет. Талап орындалған соң, келесі шартымен таныстырасыз. Кімге ең көп тәтті түскенін анықтаңыз. Біреуге 2 кәмпит, біреуге 5 кәмпиттен тиюі мүмкін. Енді ең көп тәтті алған адам қолындағы кәмпитінің санына қарай өзінің жақсы қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: 4 кәмпиті болса, мен ақкөңілмін, сабырлымын, мейірімдімін, жайдарымын деп өзінің төрт жақсы қасиетін айтуы тиіс. Тәттілер бір жағынан ойынға арқау болса, екінші жағынан бақыт гормондарын көбейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тренингті асқан құлшыныспен тыңдауға жетелейді.
Келесі ойын – телефон. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді.
«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын - ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
«Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
« Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез - құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез - құлықтарыңыз бен жүріс - тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
Тренинг соңына қарай қатысушыларға әртүрлі қанатты сөздер жазылған қағаз таратып беріңіз. Тек мұнда авторы көрсетілмеуі тиіс. Шарты: осы нақыл сөздің авторы кім екенін өзі тауып не гуглге жазып, сол тұлғаның өмірбаянымен танысуы тиіс. Әр тұлғаның өмірінде үлгі аларлық, мотивация боларлық қасиеттер кездеседі.