«Аль-Фараби атындағы мектебі» жшс-де Тәрбие жұмысының қазан айында өткен іс-шаралардың мәліметі



Дата02.11.2022
өлшемі19,26 Kb.
#156188
Байланысты:
айлық іс шаралар мәліметі


«Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС-нің
директоры У.А. Тасыбековаға
«Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС-де
 Тәрбие жұмысының қазан айында өткен 
іс-шаралардың мәліметі


«Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС-нің қазан айының тәрбиенің жұмыс жоспарына сәйкес төмендегідей баяндаймын.

  1. 3 қазаны күні «Ұстаз – ұлы тұлға» Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз бақыты-шәкірт құрметі» тақырыбында мерекелік іс шарасы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  2. 3 қазаны күні мектебімізде қарттар күні аталып өтілді. Бұл мереке мектебімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мектеп тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, және тағы басқа. Осыған орай, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Құрсай м/а-да тұратын 81 жастағы Қалила әжеге құрмет көрсетіп, яғни үйін тазалап, азық-түлікпен қамтамасыз етіп және ақжаулық пен нымша тарту етті (әлеуметтік желіге жарияланды).

  3. 6 қазаны күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – М.С. Айдарова, педагог-психолог – С. Козькиева және медбике – Л. Ахметованың ұйымдастыруымен мінезді анықтауға арналған 5 минуттік тренинг өткізіп, сонымен қатар жасөспірімдер арасында ертежүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп медбикесі баяндама оқыды.

  4. 11 қазаны күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Тукебаевтың, ерлер кеңесінің төрағасы – Қ. Ортаевтың, АӘД жетекшісі – А. Тәжіханов және ерлер кеңесінің мүшесі – Ж. Мамешовтың қатысуымен 9-10-11 сыныптың ер балдарына ерлер кеңесі өткізілді.

  5. 12 қазаны күні «Ата ұрпақтың тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» тақырыбында 4 «Ғ» сыныбының жетекшісі – Г. Айдарғазиева және 7 «Ә» сыныбының жетекшісі Ұ. Жаппарованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

  6. 13 қазаны күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламентінің жоспарына сәйкес 9-10 сыныптар арасында дебат үйірме жетекшісі М. Нұрмаханованың және Е. Бимурзаеваның ұйымдастыруымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  7. 14 қазаны күні қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Жүректен маржан іздеген» тақырыбында мектебімізде мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Аталған іс шарада оқушылар ақынның көптеген кітаптарымен танысып, ақынның өлендері мен поэзиясын оқыды (әлеуметтік желіге жарияланды).

  8. 17 қазаны күні «Асыл әжелер» тобы - Г.Бақбаева, С.Бердіқожаева, З. Байбағысова, Т. Қолдасовалардың қатысуымен 9-10-11 сынып қыздарына «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  9. 17 қазаны күні 2-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  10. 18 қазаны күні 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  11. 19 қазаны күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар ұйымдастырылды (әлеуметтік желіге жарияланды).

  12. 19 қазаны күні "Арайлы күз - алтын күз" тақырыбында бастауыш бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен күзгі дәнді дақылдардан жасалынған икебана және ғажайып гүлдер көрмесі ұйымдастырылды (әлеуметтік желіге жарияланды).

  13. 19 қазаны күні Шымкент қаласы Дін істер басқармасының теологі Шынбергенова Бағила Райымбекқызының қатысуымен «Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме сабағын жүргізді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  14. 20 қазаны күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жанұям – қорғаным, ата-анам тірегім» тақырыбымен 5-6 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды (әлеуметтік желіге жарияланды).

  15. 20 қазаны күні Білім басқармасы қосымша білім беру оқу салалық орталығының 2022 жылдың 12 қазанында келіп түскен № 58 шығыс хатына сәйкес «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай өзін-өзі басқару ұйымы мектеп Парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен «Республикам-мақтанышым» тақырыбында бейне репортаж түсірілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  16. 21 қазаны күні «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді және 11 «А» сыныбының жетекшісі – А. Байханованың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты берілді.

  17. 21 қазаны күні «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған мектептің алаңында салтанатты жиын өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  18. 21 қазаны күні мектеп кітапханашысы Г. Бердибекованың ұйымдастыруымен «Қыран елім – Қазақстаным! жалпыреспубликалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  19. 21 қазаны күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай 4 «Б» сыныбының жетекшісі – Жунисова Лаураның ұйымдастыруымен «Республикам менің!» атты бейне челленджі өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  20. 22 қазаны күні дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тоғызкұмалақ», «Асық ату», «Шахмат», «Арқан тарту» ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстары өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  21. 22 қазаны күні 8-9-10 сыныптар аралығында «Ұлттың ұлы ұстаздары» тақырыбында мектепішілік шығармашылық байқауы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

  22. 26 қазаны күні «АЛТЫН КҮЗ-2022» байқауы өткізілді (әлеуметтік желіге жарияланды).

Мектеп директорының


Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Б. Тукебаев


«31» қазан 2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет