2 Төлеби балалар үйінің психологі Айдарова Балжан Амировна Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер. Мақсаты



Дата18.02.2018
өлшемі50,59 Kb.
#37969
ОҚО, Төлеби ауданы

2 Төлеби балалар үйінің



психологі Айдарова Балжан Амировна
Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер.
Мақсаты: педагогтар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Барысы:

1 Сәлемдесу.

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.

3. «Орын ауыстыру» жаттығуы.

5. «Мюнстерберг» әдістемесі.

6. Ситуация.

7. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

8. «Сілкіп таста» жаттығуы.

9. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.

Психолог: Құрметті тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.



1. Сәлемдесу.

Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.

Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.

Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшін мені мұқият тыңдап алыңыздар. Мынадай нұсқау беріледі:

қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк доп салыңыз.

Жаттығудан кейін талқылау.


3. «Орын ауыстыру» жаттығуы.

Мақсаты: ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, ортада бірауыздылық орнатуға жағдай жасау.

Шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында психолог тұрады) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы психолог: «Араларыңызда жоғары дәрежедегі педагогтар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар»,-деп айтады, сол кезде кімнің жоғары дәрежесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам ойынды жалғастырады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін жаттықтырушы топқа : «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Қазіргі көңіл-күйіңіз қандай? деген сұрақтар қойылады.
4. «Мюнстерберг» әдістемесі.

Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Уақыты:2мин.

Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.



Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғал

імрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершлпевоалд................

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.


5. Ситуация.
Психолог: Ал енді әріптестер екі топқа бөліне қояйық. Әр топқа бір ситуациялық жағдаяаттар беріледі.

1-топ. Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, аузында сағыз, қасында тұрған үлкен әкейді қағып, итеріп жіберді де ештеңе айтпастан тұра берді. Атай ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата-аналарыңа солай жасайсыңдар ма?-деді. Осы жерде дау басталды. Бұған кім кіналі? Сіздер қалай ойлайсыздар?

2-топ.Жұмысқа асығыс жүгіріп келдіңіздер, асыққандарыңыз сондай баспалдақпен келе жатқандарыңызда алдарыңызда келе жатқан 2-3 баланы қағып кеттіңіздер де, түк болмағандай кете бердіңіздер. Ол балалардан кешірім де сұраған жоқсыз. Осы жерде бала сіз туралы не деп ойлайды? Не істеу керек?
6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту

Уақыты: 10мин.

Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.

7. «Сілкіп таста» ойыны.
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтынынан құтылу.

Уақыты: 10мин.

Психолог: Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Әлдекімнің ойына: «Тағы да жолым болмай қалды» Енді бірі «Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?»-деген жауаптар мазалайды.

Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.



Талдау.'>Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.

8. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы

«Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.



Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет