Альмира Мамиевна танысқан күні-ақ мені оқушылардың барлық ортақ әлеуметтік желідегі группаларына қосты. Яғни ол жерде оқушылар да, ата-аналар да болды



Дата15.01.2022
өлшемі9,58 Kb.
#111884
Байланысты:
Акашева Мөлдір есеп беру
1 лекция (1), 1 лекция (1)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

«Жұмысшы мамандығы» педагогикалық практикасының есебі

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: 3-шк-2

Практика мерзімі: 02.12.20-14.12.20

Әдіскер: Бикадамова А.

Өскемен, 2020 жыл

Мен Акашева Мөлдір Асқарқызы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 3-ШК-2 тобының білім алушысы 02.12.2020 – 14.12.2020 ж.ж уақыт аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің №15 мектеп » КММ «Жүмысшы мамандығы» іс-тәжірибесі бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша өттім. Мектептегі іс- тәжірибе жетекшім:Келгенбаева Альмира Мамиевна болды. Практикадан өту кезінде маған 2«б» сыныбын тағайындады. Сыныпта барлығы 25 білім алушы, оның 12-і қыз, ал 13-і ұл балалар.

Альмира Мамиевна танысқан күні-ақ мені оқушылардың барлық ортақ әлеуметтік желідегі группаларына қосты. Яғни ол жерде оқушылар да, ата-аналар да болды.

Өзімді таныстырып, бірден мұғалім сол сыныптың сабақ кестесін алып, жұмыс жасауға кірісті. Жалпы ата-аналар тарапынан ешқандай келіспеушіліктер болмады. 2 күні Алмира Мамиевна мені 2-ші сыныптың сабақ кестесімен, оқу режимімен, оқушылардың жалпы мұндай білім беру жүйесіне деген көзқарастарымен, балаларға ұсынылатын тапсырмалар қандай деңгейде жасалу керектігі түсіндірілді, қалай тексеру керектігін таныстырды.

Жалпы іс-тәжірибе барысында тәжірибе жинақтаушыларға 2 тәрбие сағатын өткізу жүктелді.

3- күні практика уақытымен алғашқы сабақ басталды. Балалар «Балапан» арнасында ұсынылған жаңа тақырып материалдарымен танысқаннан кейін, Whatsapp желісіне байланысқа шығып, мұғалім арнайы дайындалған жұмысты ұсынды. Балалар бір шолу жасап, түсінбеген сұрақтарын қойды. Сөйтіп сабақ аяқталып, тапсырмалар тексеріліп, балалармен кері байланыс жасалды.

Мұғаліммен кеңесе келе, оқушылардың білім деңгейлері әртүрлі болғандықтан жеңіл және күрделі нұсқада тапсырмалар әзірледік. Қай нұсқа болатынын да таңдауларына қалдырдық. Бұл бақылау жұмыстары да мұғаліммен бірлесе тексерілді. Әр бала жұмысты өз деңгейлерінде орындап шықты.

Келесі күні

Тақырыбы: Абай - дана, Абай – дара қазақта атты тәрбие сағатын өткіздім.

Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, көрнекіліктер, маркерлер

Яғни балаларға «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген түсінік қалыптастыра алдым.

Келесі Тәрбие сағаты:ТӘУЕЛСІЗДІК ШАПАҒАТЫ.

Мақсаты:


Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі арқылы өткіздім.

Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.

Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ?

Әрине батыл, ержүрек, адал, шыншыл,

Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүру деп тәрбие сағатымызды қорытындыладық.

Анар Уалиханқызының маған көп көмегі тиді. Жалпы барлық практика жетекшілерінің көмектері тиді. Оларға да алғыс білдірілді. Мұғалім іс-тәжірибе соңында - "Мөлдір алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Мөлдір практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен жұмыс жасады. Дайындаған ҚМЖ, бейнеролик, видео, слайд, көрнекілік жұмыстары менің де, балалардың да көңілінен шықты. Оны тамашалаған ата-аналар да қатты риза болды.орындады. Мөлдір болашақта өз мамандығының қыр – сырын жақсы меңгерген, жауапкершілігі мол, шәкірт жанын түсіне білетін тамаша ұстаз болатынына сенімім мол" - деп маған деген көзқарасын жеткізіп, ниетін білдірді. Жақсы тілектерімен қатар, бірнеше ұсыныс білдірілді: " Тақырыпқа қосымша материал іздегенде барынша балалар деңгейінің әртүрлі екенін естен шығарма! Үй тапсырмаларын барынша тез әрі тиянақты тексеруге тырыс! ".....,-деген бірқатар ескертулер мен ұсыныстар қабылданды. Барлық практика жетекшілеріме алғыс білдіремін…



Есеп беруші:Акашева Мөлдір Асқарқызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет