Қытай жазба деректерінде канцзой деген атпен, б.з.д. 2 ғасыр айтылады. Қаңлы мемлекеті Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азияға келген. Орталығы Битян қаласы болған.
Қаңлы мемлекеті б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи окиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
Қаңлы мемлекетінің жер аумағы, Ташкент жазирасы мен Сырдария ,Жаңадария, Қуаңдария алабының еделгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса, Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес шағын иелік, сондай - ақ Янцзай бағынды.