Оқу белсенділігін арттыру үшін қолданылатын бағалау түрлері
Жалпы мақсат:
«Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, топтық жұмысты енгізуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету.
Сілтеме:
«Коуч - мұғалімнің жұмыс кітабы», Алматы, 2014 ж.
Презентация «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?»
Оқу нәтижесі
Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады.
Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі.
Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді , өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады.
Түйінді идеялар:
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудартылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.
Жалпы мақсат бойынша табысқа жету нәтижелері(бағалаужоспары, комментарий)
Әріптестер тобымен «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында білді. Мұғалімдер оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды білді. Мұғалімдер формативті және критериалды бағалаудың рөлін түсінді, оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолдану дағдысын дамыта алады.