«Аманкелді» атындағы негізгі орта мектебі ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА апталығының ашылуы
Орындағандар: Сулубекова Г Жубангалиева Б
2019-2020 оқу жылы Миф апталығының ашылуы Тақырыбы: "Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде"
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қатысушылар: 5,6,7,8,9 сынып оқушылары
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар
Өтілу барысы: Құрметті жолаушылар! «Аманкелді мектеп» станциясының жолына «Математика, информатика, физика апталығы поезі келе жатыр. Тыныштық пен сабырлылық сақтап, бір-бірлеріңізді итермей логикалық жүктеріңізбен дайын тұрыңыздар!
Құрметті жолаушылар! Назар аударыңыздар жол тораптарындағы логикалық, математикалық, физикалық ақаулардың туындауына байланысты МИФ поезі «Аманкелді атындағы негізгі орта мектеп» станциясында 10 күн аялдайды. Алдын ала барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Ақерке: Жүрші тез, Самат сенің математикадан екі алуыңнан поезд 10 күн аялдайтын болды. Сен не ойлап тұрсың?
Самат: Сен білесің бе, менің не ойлағанымды. Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен «4» алдың, ал мен «2» алдым. Егер бағаларды қосып, «2»-ге бөлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын математикалық арифметикалық орта!
Ақерке: Сен әуелі менен сұрамайсың ба, келісемін бе, келіспеймін бе?