Аманшина Надежда Аманшақызы
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Егіндікөл жалпы орта білім беретін
мектебі
Санаты: жоғары
Пәні: қазақ тілі және әдебиет
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Джек Лондон. «Мексика ұлы»
Мақсаты: 1) білімділік:
жазушының өмірінен мәлімет беру, әлем әдебиетінен
білімдерін кеңейтуге ықпал ету әңгіменің тақырыбы мен
идеясын ашу.
2) Дамытушылық: өз бетімен ізденіс жұмыстарын жасауға
баулу, өз пікірлерін айтуға дағдыландару, ойлау, жүйелі
салыстыру қабілеттерін жетілдіру шеберліктерін жетілдіру.
3) тәрбиелік: басты кейіпкердің еліне деген шексіз
махаббатынан үлгі алуға, адамгершілікке, адамдық
сүйіспеншілікке, салауатты өмір салтын ұстануға баулу,
азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, халқына адал
қызмет етуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
* Д.Лондонның шығармасы туралы толық мағлұмат алады.
* Отансүйгіш, патриоттық рухы биік тұлға қалыптасады.
* Спорт саңлақтарынан үлгі алып, салауатты өмір салтын ұстанады
* Адами қасиеттері қалыптасады.
Түрі: сыни тұрғыдан ойлау
Типі: жаңа материалды меңгерту.
Әдісі: талдау, түсіндіру, жинақтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, компьютер
І. Қызығушылықты ояту
Көңіл ашар
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп. (қайталайды)
Рақмет. (3 рет қол шапалақтау)
Үй тапсырмасы.
«Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы.
Манас жырындағы Қазан дәудің мінген аты (Қарагер)
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:
Құлағы темір....... ................... Құтан дәу
Маңдайы темір ...................... Мәңкүш дәу
Кіндігі темір ......................... Кітен дәу
Қарагер мінген...................... Қазан дәу Қайшы құлақ............................ Қабан дәу
3. Жырдағы Жақып пен Ақбалта образдарына салыстырмалы мінездеме беріңдер.
4. Манас жырын кімдер зерттеген ?
М.Әуезов , Ш. Уәлиханов
ІІ. Мағынаны тану.
Сабақ эпиграфы
Ұлттық намыс - ұлттың бойындағы қасиеті және бұлжымайтын қағидасы.Өз ұлтын құрметтей білмеген, оны мақсат ете алмаған адам – сөз жоқ тексіз, бұралқы адам.Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік,өзінің мемлекетіне тәуелділігін түсіну,мемлекеттің нығаюы-жеке адамның да нығаюы екенін мойындау
Б. Момышұлы
Көрнекілік старатегиясы.
(Экраннан бокс қолғабы, жалаудың суреттері щығады)
-Балалар мына суреттерден сіздер не көріп отырсыздар Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? Осы суреттерге қарай отырып мәтін құрастырамыз.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз бокс туралы болмақ.
Бокс туралы түсінік беру
А
Матрос
Консерві жасау
фабрикасының жұмысшысы
ссоциация
От жағушы
Американдық
жазушы
Үтікші
Газет
таратушы
Джек Лондон барлық шығармаларында жеңіл олжаға құнығушылықты, тек ақшаға ғана табынатын буржуазиялық қоғам салтын әңгімелеген, ондағы адами құндылықтар бағаланбайтындығын жіті аңғарған. Онда тек адамдар «жеушілер мен желінушілер» деп бөлінетін хайуандық заңдар үстемдік ететіндігін өзінің шығармаларында арқау еткен.
Экранға назар аударайық. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Мексика еліне тығыз байланысты болғандықтан ең алдымен ол ел туралы тарихи мәлімет алайық.
Жоспар:
Тарихи шолу: «Мексика елі»
Бөрі аузына тасталған жетім лақ.
Жаңа сабақ этапқа бөлініп түсіндіріледі.
Бағытталған оқу. Болжалдық стратегиясы.
Электронды оқулықпен жұмыс
І.Композициялық жоспар
Р/с
|
Әңгіменің композициялық
элементтері
|
Композициялық жоспар
|
Әңгіменің көркемдік әдіс-тәсілі
|
1
|
Оқиғаның басталуы
|
Мексика елінің ауыр тұрмысы
Ривераның жетім қалуы, ерлікке деген ұмтылыс
|
Баяндау
Суреттеу
|
2
|
Оқиғаның байланысы
|
Азулы Американдық Дэннимен боксқа шығуы , психологиялық майдан
|
Баяндау
диалог
|
3
|
Оқиғаның дамуы
|
Көрермендердің,Роберттің Ривераны қабылдамауы
|
Баяндау
Суреттеу
Диалог
|
4
|
Оқиғаның шиеленісуі
|
Дэннидің соққысы, әлсіреген Ривера
|
Суреттеу
|
5
|
Оқиғаның шарықтау шегі
|
Майкл Келлидің сөзі, қайтадан күш алуы
|
Баяндау
Суреттеу
диалог
|
6
|
Оқиғаның шешімі
|
Он жетінші раундтағы Ривераның ерлігі,жеңіске жетуі, елге деген сүйіспеншілік, құрмет
|
Баяндау,
диалог
|
ІІ. Семантикалық карта
Кейіпкерлер\сөзі
|
Ривера
|
Денни
|
Роберт
|
Келли
|
Спайдер Хонерти
|
Қазір сенің кеудеңнен жаныңды суырып аламын.
|
|
+
|
|
|
|
Жасқанба,Ривера,
ол сені өлтірмейді
|
|
|
+
|
|
|
Мен көп ақша ұтқызамын...бала сені тыңдайды ғой бір амалын жаса
|
|
|
|
+
|
|
Бәрібір ұтыласың, төреші саған жеңісті бермейді. Одан да Келлидің ақылын ал, құла да тұрма!
|
|
|
|
|
+
|
Шайтан алғыр, мына қалжыңыңды доғар! Жеңіл, Ривера, болашағың үшін мені тыңда! Бүгін сен жеңілуге тиістісің!
|
|
|
|
+
|
|
ІІІ. Толғаныс.
Ішке-сыртқа стратегиясы. (екі бағанды толтыру, жағымды қасиеттерді қабылдау, жағымсыз қасиеттерді шығарып тастау)
Ішке
|
Сыртқа
|
Ривераның төзімділігі
|
Дэннидің үстемдігі
|
Электронды тестіні орындату:
1.Джек Лондон қай елдің жазушысы?
А) Ресей В)Англия С) Франция D) Америка
2. Дэнни Уорд не үшін айқасады?
А) Елі үшін В) Ақша үшін С) Мексика елінің азаттғы үшін D) жауаптардың бірі де дұрыс емес
3. Адамдардың мүрдесі қайда жөнелтілді?
А) Тынық мұхитына В)Гуадалпе С) Веракруске D) Ревилья-Хихедо
4. «Мексикалықтың соққысы неткен күшті?» кімнің сөзі?
А) Дэнни В)Келли С) Роберт D) Спайдер Хочерти
5.Аппақ терісі жып-жылтыр, ширақтық пен серпінділік, күш-қайрат тұла бойына сыймай тұрғандай. Бұл кімнің портреті?
А) Ривера В)Роберт С) Келли D) Дэнни
6.Шабуылда сол қолымен қағу әдісін қолданған кім?
А) Дэнни В)Ривера С) Келли D) Роберт
7. Ең алғаш рет бокс қай елде ұйымдастырылды?
А) Грекия В)Америка С) Ресей D) Мексика
8. Қазақстанның бокстан Сидней олимпиадасының чемпиондары
А) М. Ділдәбеков В)Д. Тұрлыханов С) Б. Саттарханов, Е. Ибрайымов D) Б. Бейсейітов, Б. Сәрсекбаев
9.Бокстан Лондон олимпиадасының жеңімпаздары
А) С. Сапиев В) Ә. Ниязымбетов С) Б. Сәрсекбаев D) М. Ділдәбеков
10. Ривераны жеңіске жетелеген қандай күш?
А) Ақшаға деген құмарлық В) Жеңіл өмірге қызығушылық С) Туған еліне деген махаббат D) Мансапқа қызыққандықтан
Жауап кілттері: Д,В,С,А,Д,В,А,С,А,С
Бағалау шкалалары:
«5» - 9,10
«4» - 7,8
«3» - 5,6
«2» - 1-4
Үйге тапсырма:
1.Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» шығармасымен салыстыру.
2. «Туған елдің мақтаныштары» эссе жазу.
Бағалау:
Сабақтың этаптары бойынша оқушылардың жауап беру деңгейлеріне қарай бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |