«Ана ға қарап қыз өсер !» Ертеңгіліктің барысы



бет1/7
Дата10.10.2019
өлшемі2,36 Mb.
#49601
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 наурыз
алтын күз тақпақтар
«Анаға қарап қыз өсер

Ертеңгіліктің барысы: 
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып залға әсем әуенмен кіреді.
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша

көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем

мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан.

Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін

ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш

әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!

Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта

берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты «Баләурен» тобының бүлдіршіндерінің «Анаға қарап қыз өсер!»атты сайысты бастауға рұхсат етіңіздер.Сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар.

1.Таныстыру

2.Өз өнері

3.Сұрақ-жауап

4.Сән үлгісі

5.Тосын сый

6.Мәнерлеп оқу

-Әділдікпен баға берер аруға 
Әділдікпен қара қылды жаруға.

 Алқасын қазылырдың біз сайлайық
 Ақ аруды  таңдап бүгін алуға-
Деп,бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.Енді, осы сайысқа

әділ бағасын беріп бағалайтын әділ-қазылармен таныс болайық.

Балалақшамыздың меңгерушісі :Қоспақова М.З.

Балабақша әдіскері: Шегірова Қ.

Ата-ана :Юкова Ұлболсын

Сөз кезегін балабақша меңгерушісіне береміз,

Сайысты біз таныстықпен бастайық
Әнмен шашу шашайық. 
Таныстыру әдептелік белгісі 
Сайыскерлерді қошеметпен қарсы алайық

2.Өз өнері (би,ән)

Шалқып тасып әнімен,
Жадыратсын ортаны

 Тамсандырып биімен

 Таңқалдырсын ортаны

3.Сұрақ –жауап

1.сұрақ Табиғат нешеге бөлінеді?

2.сұрақ Дыбысты не істейміз?

3.сұрақ Мамандық дегеніміз не?

4.сұрақ Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

5.сұрақ Бауырсақ ертегісінде неше жабайы жануар бар?


6.сұрақ Математика әлемінде нені үйренеміз?

7.сұрақ Әріпті не істейміз?

8.сұрақ Бір аптада неше күн бар?

9.сұрақ Жаман қылықтарға не жатады?

10.сұрақ Білімді қайдан аламыз?

11.сұрақ Дауысты дыбыс қалай айтылады?

12.сұрақ Жанды табиғатқа нелер жатады?

13.сұрақ Жабайы жануарларды ата?

14.сұрақ Бақта нелер өседі?

М.Нұрдәулет Менің әжем дара әнімен қошеметпен қарсы алайық

Пародия :Нұр –Мұқасан тобы Ескендір,Қайсар

Пародия: Музарт Жандарбек,Бекарыс,Расул

Тақпақтар

4.Сән үлгісі

Қыздарға әсемдік жарасады

Жайқалған әсем гүлдердей

Ортаға шақырайық

Сұлу да,әсем қыздарымызды

5.Тосын сый

Анаға қарап қыз өсер

Қызының шеберлігі

Анасымен дайындаған

Тамашалайық дәмдісін

Би: Әжелер биі

6.Мәнерлеп оқу

Әу демейтін қазақ жоқ

Тамсаңдыра әлемді

Қарсы алайық

Аналарды өнерлі

Бүгінгі сайысты балалармен аналарына арнаған бимен аяқтағанды жөн көрдік.

Мадақтау

Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.                                      

Қош болып тұрыңыз көріскенше

Осымен сайысымыз аяқталды.
Дайындаған топ тәрбиешілері:Махамбетова Т.Б

Ергебек Ж.Ә



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет