Ана тілі. Буын. Тасымал. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата26.08.2017
өлшемі46,85 Kb.
#29509
Ана тілі. Буын. Тасымал.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздік қорын байыту, сөз мәдениетіне, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Грамматикалық тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру.

Дамытушылық: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға үйрету, еркін сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік: Ана тіліне деген құрмет, басқа ұлт өкілдерімен бірлігімізді нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекетіміздің тәуелсіздік белгілерін біліп, оны құрметтеуге шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, сұхбат жасау, түсіндіру, грамматикамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, мақал-мәтелдер. Грамматикалық кестелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекшінің сөзі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру

IIІ. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Буын бөлінеді: ашық буынға, тұйық буынға, бітеу буынға.




Ереже

Мысал

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.

  2. Тек дауысты дыбыстан тұрады

А-ға, ба-ла.

Тұйық буын

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. (Көбінесе бірінші буында кездеседі)

Ат, ант, ки-ік, әдеби –ет.

Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

Бал, тарс, мек-теп.

Қосымша:


  1. Сөз ішіндегі келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы: қа-уын, қа-йық.

  2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қа.

  3. Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.

Тасымал –сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру. Тасымал буынға негізделеді. Яғни сөздер тек буын жігімен тасымалданады.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:



  1. Бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды (ә-ке)

  2. Бір буыннан тұратын сөзді (қант)

  3. Қысқарған сөзді (ТМД, ҚР)

  4. Қысқартылған адам атын фамилиясынан айрып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (М.О.Әуезов)

  5. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды.

(15 см, 20 кг)

  • Ереже бойынша мысалдар келтіріп, оқушылармен бірге талдау жасау.

Тапсырма: 1. Оқушыларға тақтада жазылған өлең жолдарын 30 сек. оқытқызып, өз ойларында сақтаған өлең жолдарын дәптерлеріне жазғызу.

  1. Өлең жолдарын буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.

... Ана тілің, біліп қой,



Бостандығын, теңдігін.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.
Мәтінмен жұмыс: «Ана тілі»

Сөздік :

Парыз –долг

Қадірлеу – уважать

Сана – сознание

Тәжірибе –опыт

Дүниетанымы – мировозрение

Мінез-құлқы –характер

Көзқарас - взгляд


Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы. Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады.

Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс бітімі осы тілде қаттаулы жатыр. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас.

Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымызда да. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.


  • Мәтінді оқу, орыс тіліне аудару.

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

  • Бірінші абзацты буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.


Қорытындылау: туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!


Ә. Тәжібаетың өлең жолдарын негізгі алып, «Ана тілімізді қастерлейік, өйткені ол .....» (тірек-кестені толытыру).


Үйге тапсырма: Қ. Мырзалиевтың «Ана тілі» өлеңін жаттау.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет