Аналитикалық химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс істеу тәртібі



бет1/6
Дата07.10.2022
өлшемі66,16 Kb.
#152163
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2. Қауіпсіздік ережелері (1)
Идеологиялық тоқырау, кпврвскпесаг, registration man ru, Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года №151-i о языках -emirsaba.org

Аналитикалық химия зертханасындағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс істеу тәртібі
Аналитикалық химия зертханасында қолданатын химиялық реактивтердің ішінде кейбір улы заттармен де жұмыс жасауға тура келеді, сондықтан жұмыс орындарында қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Химия зертхана-сында әр жұмыс жасаушы өз басының ғана қауіпсіздігін ойлап қоймай, өзі-мен бірге жұмыс істейтін адамдардың да қауіпсіздігін ойлау керек. Зерт-ханада жұмыс істейтін әрбір адам келесі жалпы тәртіпті сақтау қажет:
1. Ең алдымен тәжірибеге қажетті теориялық мәліметтерді оқып, мазмұ-нын түсіну керек. Сонда тәжірибедегі байқаған құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік туады.
2. Анализ қателерін азайту үшін тәжірибені қатарынан ең кемі екі рет жүр-гізеді.
3. Жұмыс жасау барысында тәжірибені жүргізу шарттарын, әсіресе реак-тивтің көрсетілген мөлшерін қатаң сақтау керек.
4. Жұмыс дәптеріне тәжірибе жүргізген мерзім айы-күні, жұмыстың маңы-зы, жүргізу жолы, қолданылатын реактивтер мен құрал-жабдықтардың атта-ры жазылады және тәжірибе мәліметтеріне арналған кесте сызылады.
5. Зертханада міндетті түрде халат киіп жұмыс істейді. Жанында орамал болу керек.
6. Жұмыс біткен соң зерхананы ретке келтіру, крандарды (газ, су, бу) жауып, электр аспаптарын, желдеткіш шкафтарды өшіру қажет, жұмыс орнын тазалау, реактивтердің ауызын жауып, орнына қою, электр шамдарын өшіру және т.с.с.
7. Жұмыс орнында тазалық, тыныштық және техника қауіпсіздігі орын-далуы шарт, кез-келген ретсіздік, асығыстық жұмыс кезінде сәтсіз оқиғаларға душар етуі мүмкін.
8. Зертханада жұмыс істейтін кез-келген адам мыналарды білу қажет. Зерт-ханада өртке қарсы қолданылатын заттар, өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік, асбест немесе киіз көрпе және дәріхана жәшікшесі. Дәріхана жәшік-шесінің ішінде бірінші көмек көрсетуге қажетті спирттегі танин, калий пер-манганаты, бор қышқылы, натрий гидрокарбонаты, иод, мақта, бинт, плас-тырь, күйгенде жағатын мазь, жгут, аэрозольдар болуы керек.
9. Зертханада темекі шегуге, тамақ ішуге, химиялық ыдыстан су ішуге бол-майды.
10. Кір ыдыспен жұмыс жасауға болмайды, қолданылған ыдысты бірден жуып отыру керек.
11. Реактивтер құйылып тұрған ыдыстардың қақпақтарын ауыстыруға бол-майды.
12. Дәмін алып ешқандай да затты ауызға салуға болмайды. Иісін алғанда ауызынан ғана иіскеу қажет, толық демалмау керек.
13. Жұмыс істеп тұрған приборды қараусыз қалдыруға болмайды.
14. Тамшуыр арқылы ерітінділерді ауызға салып соруға болмайды.
15. Көзді ашытып, түтін шығаратын заттармен тек желдеткіш шкафтың астында жұмыс істеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет