Анықтамалық эссе дәлелдер, терминдер арқылы берілген терминнің мағынасын аша отырып, өз көзқарасын білдіруі. Анықтамалық эссе жазу үшін көптеген зерттеулер қажет етіледі



Дата07.02.2022
өлшемі406,38 Kb.
#87285
түріАнықтамалық
Байланысты:
08 практика


Бектуған Аружан Мұратқызы


07.10.20 күнге арналған тапсырма:
1-қадам.
Тыңдалым және жазылым тапсырмасы


https://itest.kz/kz/attestation/esse-4157 сілтемесі арқылы эссе жазудың видеонұсқаулығын көріп, түсініп алып, тезис-коспект жазыңыз. (фотосын жіберіңіз)





2-қадам.

Жазылым тапсырмасы: Ұсынылған кесте бойынша эссе тұрлеріне сипаттама жазыңыз:

Эссенің түрлері

Сипаттамасы

Хабарлама эссе



Автор хабарлама эссе жазу барысында оны оқырман оқиғаны көріп тұрғандай етіп енгізуі керек. Әңгімелік экспозициялар алғашқы болып жазылған, онда жеке мәлімдемелер мен эссені жазушының көзқарасы бойынша түсіндірулер бар.



Сипаттамалық эссе

Сипаттамалық эссе оқиғаның әр сәтін ескереді. Сипаттама оқиғаны немесе мәселені нақтылау мақсатында жасалады. Сипаттамаға түрткі - бұл қандай-да бір жағдайды немесе оқырмандардың назарын олардың бір бөлігі сияқты сезіну.

Анықтамалық эссе





Анықтамалық эссе дәлелдер, терминдер арқылы берілген терминнің мағынасын аша отырып, өз көзқарасын білдіруі. Анықтамалық эссе жазу үшін көптеген зерттеулер қажет етіледі, сонымен қатар тақырып пен сөзді шектеу бойынша белгілі бір стильді сақтау орталығы қажет.



Салыстырмалы эссе

Бірнеше мәселелерді алып, олырдың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тарқатып жазу. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді. 



Дәлелдеме эссе



Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады. Эссені жазушы автор өз пікірі мен көзқарасынын дәлелденген аргументтермен анықтап көрсетуі тиіс.

Әдеби эссе

Әдеби шығармаларға негізделген, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.

3-қадам.
Шығармашылық тапсырма:
Тақырыпқа қатысты мәліметтерді толық оқып шығыңыз. Өзіңізге бөлінген сыныптағы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша белгілі бір тақырыпты таңдап, эссе жазыңыз. Эссе заңдылығы сақталсын!
5-сынып Сабақтың тақырыбы: «Асан қайғының жерге айтқан сыны»
Дала данышпаны
«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұраларыны қазақ әдебиетінде маңызды орын алады. Қазақ білетін Асан қайғы елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен абыз қалпында суреттеледі. Ол үнемі халықтың қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, өз заманында Асан деген есіміне « қайғы» деген тіркес қосылып, Асан қайғы аталып кеткен.
Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең таңдаулысы – Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігі үшін керемет жер бар, ол – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс болатын осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді.
Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан тәрізді ғұламаларымыз Асан қайғыны «ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалаған. «Асан қайғы Жерұйығын таппай зар жылады» дегенде біз оның қиялындағы елінің болашақ замандағы ешкімнен қысым көрмей өмір сүргенін, өз жерінің амандығын тілегенін меңзейміз. Сондықтан да Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді берекелі бірлікке, шынайы түсіністікке, адал еңбек табысы арқылы мамыражай заманға жетуге шақырғаны деп түсінуге болады.
Қорыта келе, Асан қайғыны еліміздің географиялық картасын жасап берген алғашқы адам деп атауымызға болады. Оның Жерұйықты іздеп жүріп, жырына қоспаған жері жоқ. Сол жыры арқылы халқы өз жерін терең біліп таныды. Жыраудың ел жүрегіне ұялаған толғаулары, жер, қоныс туралы айтқан сын, бағалары халқымен әлі күнге дейін бірге жасап келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет