Орындаған: Асылбекқызы Айдана Топ: 135 Қабылдаған: Зайв Жансая
“Астана Медицина Университеті” КеАҚ
Гистология және цитология кафедрасы
Нұр-Сұлтан, 2021 жыл
Жоспар - 1. Кіріспе.
- 2. Негізгі бөлім:
- 2.1 Қанның жасқа байланысты ерекшеліктері;
- 2.2 Қанның регенерациясы.
- 3. Қорытынды.
- 4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе Қанның жасқа байланысты ерекшеліктері - Онтогенездің әр кезеңінде адамның жас ерекшелігіне байланысты қанның өзіне тән қасиеттері болады. Олар қан жүйесі мүшелерінің морфологиялық және функционалдық құрылымдарының даму деңгейімен, сондай-ақ олардың қызметін реттеудің нейрогуморальдық механизмдерімен анықталады.
- Адам ағзасындағы қан мөлшері жасына байланысты өзгереді. Ересектерге қарағанда балаларда дене салмағына қатысты қан көп. Жаңа туылған нәрестелерде 14,7%, бір жасар балаларда – 10,9%, 14 жаста – 7% құрайды. Бұл бала ағзасындағы метаболизмнің қарқынды жүруіне байланысты.
Жаңа туған нәрестелердегі лейкоциттер формуласы - Лейкоциттер формуласындағы ең үлкен өзгерістер нейтрофилдер мен лимфоциттердің құрамында байқалады. Қалған индиуаторлар ересектерден айтарлықтай ерекшеленбейді.
- Лимфоциттердің көп мөлшері (текше мм-ге 10000-20000 аралығында) және өмірдің алғашқы жылдарындағы аздаған нейтрофилдер біртіндеп теңестіріліп, 5-6 жас шамасында бірдей мәндерге ие болады. Осыдан кейін нейтрофилдердің пайызы біртіндеп артып, лимфоциттердің пайызы азая түседі.
- Нейтрофилдердің төмен мөлшері, сондай-ақ олардың жеткіліксіз жетілуі мен фагоцитарлы белсенділігі ішінара жас балалардың жұқпалы ауруларға бейімділігін жоғарылатады.
Лейкоциттер классификациясы - Адамдарда қанның химиялық құрамы айтарлықтай тұрақты. Егер ересектердің қандағы зат мөлшерлерін норма деп алатын болсақ, онда жаңа туылған және егде жастағы адамдардың арасындағы айырмашылықтарды атауға болады.
- Онтогенез кезінде қанның ақуыздық құрамы бірқатар өзгерістерге ұшырайды: туылған сәттен бастап толысқанға дейін қандағы ақуыз мөлшерінің жоғарылауы орын алады және ақуыз фракцияларының белгілі бір арақатынасы пайда болады.
- Қандағы глюкоза мөлшері де жас балаларға қарағанда, ересектерде жоғары болып келеді.
Қанның регенерацияссының түрлері - 1. Физиологиялық – сүйектің қызыл кемігінде;
- 2. Репаративті – анемия, лейкопения және тромбоцитопения кезіндегі экстрамедуллярлы қантүзілу ошақтары;
- 3. Патологиялық – сәулелік аурулар және лейкемия кезіндегі қан түзу мүшелерінде жетілмеген қан түзуші элементтер(бласттар) пайда болады.
Қанның физиологиялық регенерациясы - Қызыл сүйек кемігінде эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер, В және Т-лимфоциттердің прекурсорлары, табиғи киллерлік жасушалар түзіледі.
- Қанның дің жасушалары – бұл ерекше жағдайларды ғана тұтынылатын қан түзетін мүшелердің өзіндік “алтын қоры”. Қызыл сүйек кемігінің 1000 ядролы жасушасына 1 дің жасушасы келеді. Перифериялық қанда қанның дің жасушалары жалпы жасушалардың 0,1% құрайды. Қанның дің жасушалары морфологиясы жағынан лимфоциттерге өте ұқсас және салыстырмалы түрде сирек бөлінеді, орта есеппен 10 күнде 1 рет. Олар цитостатиктердің әсеріне төзімді.
Қорытынды - Қан – тез қайта қалпына келетін ұлпадардың қатарына жатады. Қан формалы элементтерінің физиологиялық регенерациясы ескі жасушалардың бұзылуына және қан түзуші мүшелердің көмегімен жаңа жасушалардың пайда болуының негізінде жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең бастысы – қызыл сүйек кемігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |