Ақпараттық хат құрметті әріптестер! 022 жылы желтоқсанда



бет1/4
Дата30.11.2022
өлшемі34,53 Kb.
#160531
  1   2   3   4
Байланысты:
информационное письмо Курултая на двух языках Тәуелсіздік және Жастар
11 сынып БЖБ 2 ТОҚСАН, анкетир. по интел. собственности

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Тарих факультеті
«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!


2022 жылы 2 желтоқсанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тәуелсіздік және Жастар» атты жас зерттеушілердің Республикалық IX Құрылтайын өткізеді.
IX Құрылтайға орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студент жастары қатыса алады.


Құрылтай келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  • Қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы: ретроспективалық көзқарас

  • Алаш зиялыларының жастар туралы ой-пікірлері

  • Жаңа Қазақстан және Жастар саясаты: өзекті мәселелер және болашағы



Құрылтай өткізу тәртібі



  1. Құрылтай бағыттардың бірі бойынша автордың немесе топтын дайындаған ғылыми жобасын қорғау.

2. Құрылтай ұйымдастыру комитетіне жұмыстарды және қатысуға өтінімдерді (Қосымша 1) электрондық поштаға ұсыну: karakesek334@mail.ru 2022 жылдың 28 қарашасына дейін.
3. Дайындаған жобаларды қорғау уақыты мен орны - 2022 жылдың 2 желтоқсан күні, 10.00 – 13.00; академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті (4 оқу корпусы), акт залы.
4. Құрылтай қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау - 2022 жылдың 2 желтоқсан күні.


Жобаға қойылатын негізгі талаптар

1 Таңдалған бағыттың мазмұны мен идеясына сәйкестігі.


2 Ұсынылған материалдың тілі - қазақ, орыс.
3 Қорғаудың ұзақтығы – 5-7 минут.
4 Титрларда жұмыстың авторлары туралы ақпарат болуы керек.
5 Жобада міндетті түрде авторлық дереккөзді көрсете отырып (авторлық құқық талаптарын сақтау), мұрағаттық деректерді пайдаланылуға болады.
6 Жобаның мәтіні әдебиеттер тізімімен қосқанда А4 форматта 4-5 беттен кем емес, MS WORD редакторында терілген, KZ Times New Roman (12 pt), 1,0 интервал арқылы: жоғарғы - 2 см, төменгі көлемi - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см, жолдың енімен тураланған, мәтін дағдылы көшірілуі шарт;
7 Конкурсқа моральдық-этикалық нормаларға қайшы келетін, зорлық-зомбылық, нәсілдік, ұлттық немесе діни төзімсіздік элементтерінен тұратын, темекі шегу, есірткі құралдарын пайдалану, алкоголь ішімдіктерін ішу процестерін көрсететін, балағат лексикасы бар бейнематериалдар, айқын көрінген агрессиялық астары бар бейнелер мен объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын материалдар қабылданбайды.
8 Жобаны 2022 жылғы 28 қараша сағат 23:59-ға дейін karakesek334@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.
Егер ұсынылған жұмыстары ереженің талаптарына сәйкес келмесе, Құрылтайдың ұйымдастыру комитеті оларды конкурсқа қабылдамай тастауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет