АҚпараттық хат тұңғыш Президент күніне арналған саясаттанудан Республикалық ғылыми жұмыстар байқауы Астана, 5 желтоқсан 2016 ж



Дата20.06.2018
өлшемі50,5 Kb.
#44046


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультеті

САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Тұңғыш Президент күніне арналған саясаттанудан

Республикалық ғылыми жұмыстар байқауы

Астана, 5 желтоқсан 2016 ж.
Байқау ұйымдастырушылары:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасы

Байқаудың мақсаты: Қазақстандағы заманауи саясаттың өзекті мәселелерін, заманауи Қазақстан дамуындағы Ұлт көшбасшысының ролін дәріптеу, Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын талқылау, Мәңгілік ел идеясы арқылы жастардың отансүйгішітігін арттыру, студенттердің шығармашылық белсенділігін жоғарылату.

Қатысушылар

Байқауға саясаттану және басқа да мамандықтағы ЖОО студенттері қатыса алады.




Өткізу мерзімі
Байқау жыл сайын болады. Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі: 30 қарашаға дейін, қорытындылау уақыты - 1-5 желтоқсан аралығы
Байқауды өткізу түрі: 1 тур: шығармашылық тапсырма: «Мәңгілік ел - қазақ халқының ұлттық идеясы» тақырыбында эссе жазу.

Әрбір қатысушыға 1 тур тапсырмасының орындалуы туралы нұсқау беріледі. Орындалған эссе келесі белгілер бойынша бағаланады: мәселенің мәнін ашу деңгейі, автордың логикасы, ғылымилығы, материал фактілерді қолдана білуі (әрбір белгісі бойынша қазылар алқасының әрбір мүшесі жеке бағалайды). Шығармашылық тапсырмада қажетті сілтемемелер мен аз көлемді болуы қажет (талаптар нұсқауда айтылады).



2 тур ғылыми мақала жазып тапсыру

Байқауды қортындылау тәртібі:

Байқау комиссиясы жеңімпаздарды келесі ретте марапаттауға ұсынады:

1 орынға - I дәрежелі Университет дипломы (2 студенттен көп емес)

2 орынға - II дәрежелі Университет дипломы (2 студенттен көп емес)

3 орынға - III дәрежелі Университет дипломы (2 студенттен көп емес)
Ғылыми байқау 5 желтоқсан күні сағ. 10.00-де 308 аудиторияда өтеді. (4 корпуста ЖжСФ, Янушкевич көш, 6)

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ ШЫҒАТЫН БОЛАДЫ.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР:

Баяндама мәтіні А4 форматы, 3 беттен кем емес және 6 беттен көп болмауы тиіс, Times New Roman KZ, Times New Roman шрифті, (1–интервал, 14 шрифт, барлық жағы 2 см). Беттің оң жақ жоғары бөлігіне –автордың тегі, аты жөні, төменірек ғылыми жетекшінің аты жөні, ал жолдың ортасында баяндаманың атауы жазылады. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында реттік саны бойынша құрастырылады, сілтемелер мәтін ішінде квадраттық жақшада рәсімделеді. (1 ші қосымшаны қараңыз).

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін және мерзімінен кеш жіберілген материалдар қарастырылмайды. Сіз жіберген мәтіндер редакцияланбайды, түпнұсқа болып есептеледі. Қатысушылардың жинақты шығаруға байланысты мүшелік жарнасы студенттер үшін 1500 тг. және басқа қатысушылар үшін 2500 тг., ал байқау жеңімпаздары үшін тегін. Мақаланы шығару үшін 30 желтоқсанға дейін dana-phd@mail.ru, politologiya206@yandex.kz мекен жайға жіберіңіз.


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Байқау ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасы Астана қаласы, Янушкевич көш., 6

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы: кафедра меңгерушісі: с.ғ.канд., профессор Нечаева Елена Леонидовна

Жауапты хатшы: доцент м.а., Ph.D докторы Копежанова Дана Едигеевна (сот. 8-707 5204740)
Қосымша 1

Мақаланы рәсімдеу үлгісі Соколов А.

(Ғылыми жетекші: аға оқытушы Жусупова Ж.Г.)


Образовательный выбор казахстанской молодёжи

В условиях глубоких социально-экономических и политических преобразований в постсоветских странах проблема образования приобретает первостепенное значение. Традиционно, образование рассматривается как «результат усвоения систематизированных знаний, умений и навыков, опыта творческой деятельности, эмоционально-ценностного отношения к миру» [1, с. 89].

Социологом Ф. Э. Шереги система образования определяется как базисный социальный институт, определяющий уровень научно-технического, экономического и культурного прогресса общества: «Чтобы стимулировать этот прогресс, данный институт должен не только соответствовать потребностям времени, но и обладать способностью к опережающему развитию, создавая при этом условия для развития личности» [2, с. 7].

Әдебиеттер:

1. Большой энциклопедический словарь: В 2 т., Т. 2. – М., 1991. – 863 с.



2. Шереги Ф.Э. Социология образования: прикладные исследования/ Ф.Э Шереги. Москва: Academia, 2001. - 463 с.

3. . Тесленко А.Н. Ценностно-мотивационные ориентиры будущих студентов казахстанских вузов // Педогогика. Психология. – 2012. - №1. С. 63-72.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет