Күз айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, жаңбыр жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен , информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.
Ø Неге жалғасып жатқан электр сымдарына жақындауға болмайды ?
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, оны есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сатиметрмен, метрмен, километрмен, т.б өлшеу қабылданған. Ал салмақты-граммен және килограммен, т.б өлшейміз. Компьютер электрондық машина. Ол тек электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, копьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударыуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған Мұнда “нөл” мен “бір” бит деп аталады Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады
“Ақпарат” сөзін байтпен есептеді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ-ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
4. Дәптерлеріңе дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады
2. «Мектеп кеме, білім теңіз» сөзінің ақпарттық көлемін есептеңіздер
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.