Арқа төсіндегі ару қала – Астана 1-жүргізуші



Дата18.02.2018
өлшемі75,28 Kb.
#37859
Арқа төсіндегі ару қала – Астана
1-жүргізуші 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер. Еліміз егемендік алғанына биыл 25 жылдығын тойлауда, Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана- жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. 

2–жүргізуші 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды. 
Әдеби монтаж «Астана тарихы»

1-жүргізуші 

«Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.

***

Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып аударылады. 


***
ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, ортағасырларда қала мәртебесіне ие болды. 
***
1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 
***
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді. 
***
1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады.

***


1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н.Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. 
***
1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды.

***


1997 жылы 10 желтоқсанда президент Н.Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
***

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды.

***

1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты. Биыл 6 шілдеде Астананың 18 жылдық мерейтойы тойланып өтті. 


***

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «Елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. 


1-жүргізуші 

Астана қиялға бай, шексіз сәулетті.

Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.


Видео «Қазіргі Астана»
2-жүргізуші 

Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Биылғы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұтас келген Астананың 18-ші мерейлі тойы ерекше аталып өтті. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.


1-жүргізуші 

Астана болған 18 жылда 1998 жылы – 326,9 мың адам, 2016 жылы – 1 миллион тұрғын (3 есеге артты),

аурухана 1198 жылы -10 аурухана болса, 2016 жылы Елордада - 36 арухана (3,6 есеге артты),

1998 жылы -4191 сәби болса , 2016 жылы – 26000 сәби.


1-студент

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.


2-студент

«Нұр Астана» мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

3-студент

«Хан шатыры»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимаратты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.

4-студент

Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзен атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар. Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады. Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

5-студент

«ТәуелсіздікСарайы»


Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз.
6-студент

«Пирамида» — Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық суретші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Ехро-2017
1-жүргізуші 

Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 25 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті.



2-жүргізуші 

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.
Ән «Елбасы»
«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.

А – Астана - жастардың қаласы.


Р - Республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Т – Теңдесі жоқ тұғырлы өлке
Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері бар
С – Сарарқа самалымен тербелген ерке қала
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.
Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г- Гүлденіп, жылдан жылға көркею өркендеуіміздің айғағы
І- Ірі қала және аудандары бар
А- «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры бар
Р- Республиканың жаһандық жарқын бейнесі
У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалары бар.
Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.
Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.
А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
С- Символы-Бәйтерек.
Т- Толассыз түлеу, дамылсыз даму үстіндегі әсем қала
А- Азия елдерінің ішіндегі Солтүстікте орналасқан қала
Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.

Хормен: «Арқа төсіндегі Ару қала Астана»

Хор: «Астана»
1-жүргізуші:

«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».



Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мерекенің тарихы маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы баршаңызға құтты болсын!
2-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет