Араб жазуы Орта Азия мен Қазақстанда діни және зайырлы мектептерде, ресми хат алмасуда қолданылды. Ғимараттар мен құрылыстардың бағаналары, карниздері, күмбездері әдемі ою-өрнектермен араб стилінде безендірілген



Дата05.03.2022
өлшемі14,73 Kb.
#134416
Байланысты:
кесте тарих


Араб жазуы Орта Азия мен Қазақстанда діни және зайырлы мектептерде, ресми хат алмасуда қолданылды. Ғимараттар мен құрылыстардың бағаналары, карниздері, күмбездері әдемі ою-өрнектермен араб стилінде безендірілген. Ғалымдар мен ақындар шығармаларын араб тілінде жазған. Шығыстың көрнекті ойшылдарының барлық шығармалары араб және парсы тілдерінде жазылған, өйткені бұл тілдер халықаралық деп саналды. Қазақстанда араб жазуы 10-20 ғасырлар аралығында 900 жыл бойы қолданылған.

1917 жылдан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Кезінде қоғамдық дамуда оң рөл атқарған араб жазуы қазір көпшілікке тарихи прогреске тежеу ​​болып көрінді.

Қазақстанда латынға көшу қозғалысы 1923 жылы басталды. Көптеген талқылаулардан кейін 1929 жылы қазақ әліпбиі латын әліпбиіне көшірілді. Латын графикасында газет-журнал басылып, мектептерде латын әліпбиі енгізілді. Осының бәрі білім берудің жаңа түрін, оқулықтар шығаруға және мұғалімдерді дайындауға орасан зор шығындарды талап етті

Маманның сөзінше, 1940 жылы еліміздің латын графикасынан орыс графикасына көшуінің бірнеше себебі болды. Оған ықпал жасаған Кеңес өкіметі. Бірінші себеп, ол кездегі билік өзге идеология мен саясат ұстанған Түркия мемлекеті мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі жасағысы келгенАл екіншіден, араб және латын графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Құдайберген Жұбанов, Ораз Жандосов) «халық жауы» атануы. Үшіншіден Кеңес өкіметі бір мемлекет, жалғыз астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегін іске асырғысы келді. Яғни орыс тілі мен жазуы. Алайда жаңа жазумен елімізге жаңа мәдениет тарады




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет